AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Хоккейшілер жұдырықтасып қалды

Хоккейшілер жұдырықтасып қалды

Спорт 19.02.2024, 11:33 1,218
Хоккейшілер жұдырықтасып қалды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Орал қаласындағы жабық мұз айдыны спорт сарайында шайбалы хоккейден Қазақстан жастар лигасының жергілікті «Ястребы» мен атыраулық «Жас батыр» командаларының матчында ойыншылар төбелесті.



Instagram әлеуметтік желісінде таралған бейнежазбадан мәлім болғанындай, борттың сыртында болған хоккейшілер бір-біріне жұдырық сілтеген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Мәлімет көзіне қарағанда, содан кейін олардың командаластары арашалауға ұмтылған. Мінбедегі адамдар да араласқан.


Матч 3:0 есебімен оралдықтардың пайдасына аяқталған.


Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Александр Каракушиевтің түсіндіруінше, екінші кезеңнің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда, әр командадан бір-бір ойыншыдан бас төрешінің шешімімен бәсекенің соңына дейін айдыннан қуылған.




«Екі ойыншы киімдерін ауыстырып келгеннен кейін бір-бірімен төбелескен. Оларды айыруға тағы біреуі кіріскен. Арнайы жасақ жауынгерлері ойыншылардың арасында болған жанжалды дер кезінде басты», - деді А.Каракушиев.




БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 ақпан күні болған оқиғаны растап, аталмыш сарайда қоғамдық тәртіпті сақтауға полиция қызметкерлерінің тартылғанын жеткізді.




«Анықталғанындай, айдыннан қуылғаннан кейін командалардың бірнеше ойыншысы төбелескен. Оларды полиция қызметкерлері айырды. Командалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - деп хабарлады ведомстводан.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Хоккей #ойын #жұдырық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);