конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Хаменованың соты: Рысқалиевке қысым жасады деген А...

Хаменованың соты: Рысқалиевке қысым жасады деген Антикор қызметкерлері жауап берді

Оқиға 21.10.2022, 14:00 1,055
Хаменованың соты: Рысқалиевке қысым жасады деген Антикор қызметкерлері жауап берді
Сурет: AtyrauPress

Соңғы отырыста Рысқалиев бірінші айғағынан бас тартқан болатын


Прокурор Лаура Асанова сот тергеуін қайта бастауды ұсынды,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.


Оған себеп соңғы отырыста Атырау облысы мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевтың  Бақытгүл Хаменоваға қатысты келтірген айғағынан бас тартуы еді.



– Рысқалиев соңғы айғағында  оған  антикор қызметкерлерінен қысым болғанын айтты. Оны анықтау үшін сол кездегі жауап алған антикор қызметкерлері Изат Мұратов, Мақсат Мұратов пен  Мұрат Нұрмұхановтан онлайн форматта жауап алған жөн деп есептеймін, – деді ол.



Алайда бұған айыпталушы тараптар келіспеді.



- Қорғауымдағы Ақылбек Рысқалиев өз айғағында  антикор қызметкерлерінен қысым болғанын айтқаны рас. Бірақ, нақты кім екенін атаған жоқ. Оған сол жердегі адамдардың  көптігі және сол сәттегі көңіл күйінің қалыпты болмауы  себеп болған, – деді Рысқалиевтың қорғаушысы Нұрлан Жолболов. – Бірақ, антикор қызметкерлері мұны мойындамайтыны белгілі. Сондықтан, олардан жауап алып уақыт өткізбеген дұрыс деп ойлаймын, – деді адвокат.



Дегенмен, сот прокурордың өтінішін қабыл алды.  Сот төрағасы мен адвокаттарға онлайн байланыс арқылы жауап берген куәгерлер Рысқалиевке ешқандай қысым болмағанын, оны арнайы бейнежазбалардан көруге болатынын атап өтті. Енді сот отырысы бір аптадан кейін, яғни, 27 қазан күні жалғасады.


Айта кетейік, соңғы отырыста Рысқалиев бірінші айғағынан бас тартқан болатын. Айыпталушының айтуынша, оған антикор қызметкерлері қысым көрсеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хаменова #сот #антикор
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);