ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсалад...

Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсалады

Әлеумет 05.04.2022, 04:16 1,181
Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсалады
almaty-akshamy.kz
Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz...

Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның атап өтуінше, 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында халықтың табысын арттыруға бағытталған жалпы шығыстар 197 млрд теңгені құрайды. Осы қаражат аясында жастарды қолдау, өз бизнесін ашу үшін микрокредиттер беру, жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған басқа да маңызды іс-шаралар қамтамасыз етіледі. Ал азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспары аясындағы іс-шараларға 238 млрд теңге жұмсалады.



«Қосымша қаражат агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығындағы басқа да мәселелерді шешуге бағытталатын болады», - деді Ерұлан Жамаубаев.



Сонымен қатар, оның айтуынша, жалпы сомасы 476 млрд теңге болатын қосымша шығыстар өңірлерді дамытуға бөлінеді.



«Аталған шығыстардың 271 млрд теңгесі немесе 57 пайызы батыс және оңтүстік өңірлерді дамытуға бағытталған. Жалпы алғанда, нақтылауды ескере отырып, өңірлерге республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңгеден астам қаражат немесе жалпы шығыстардың 29,3 пайызы бағытталатын болады. Сондай-ақ, қосымша қаражат аясында инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге арналған шығыстар көзделген. Бұл 110 млрд теңгеден асады», - деді Ерұлан Жамаубаев.



Министрдің айтуынша, осылайша бюджет түсімдері 15,8 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 17,3 пайызды құрайды. Шығыстар 18,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 20,5 пайыз деңгейінде болжанып отыр.



«Бюджет тапшылығы бұрын бекітілген деңгейде сақталды. Барлық жоспарланған шаралар экономика мен өңірлердің дамуына серпін береді, халық табысының өсуін қамтамасыз етуі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуы тиіс», - деді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,442 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.