конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Халықаралық сенімнің жаңа белесі

Халықаралық сенімнің жаңа белесі

Барлығы 05.12.2025, 15:28 533
Халықаралық сенімнің жаңа белесі
Сурет: Самат Құсайынов

Алматы алдағы жылдары студенттік спорттың жаңа орталығына айналуы мүмкін. Қала 2026 жылы студенттер арасындағы бокс бойынша әлем чемпионатын өткізуге алдын ала келісім алды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық студенттік спорт одағының президенті Қайрат Закирьянов бүгінгі брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, шешім 28 қарашада Макаода өткен Азиаттық университеттік спорт федерациясының Бас ассамблеясында қабылданған.

Закирьяновтың айтуынша, Макаодағы кездесуде халықаралық студенттік спортты дамыту, өңірлік серіктестік стратегиясы және Орталық Азияда жаңа жобаларды ілгерілету мәселелері жан-жақты талқыланған.

«2026 жылы Қазақстанда студенттер арасындағы бокс әлем чемпионатын өткізу жөнінде ұсыныс білдірдім. Бастамамыз бірден қолдау тапты. Бұл – халықаралық университеттік спорт ұйымдарының елімізге деген үлкен сенімі», – деді ол.

FISU президенті Леонц Эдер де Алматының әлеуетіне ерекше тоқталды.

«Қазақстан ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие. 2017 жылы Алматыда өткен Қысқы Универсиада елдің имиджіне зор әсер еткені әлі есімізде. Ол студенттік ойындардың бүкіл тарихында ең үздігі деп танылды», – деді ол.

Қайрат Закирьянов сондай-ақ WORLD Boxing ұйымының бұл бастамаға ресми қолдау көрсететінін атап өтті. Белгілі қазақстандық спортшы Геннадий Головкин жақында осы ұйымның басшысы болып тағайындалған еді. Бұл чемпионаттың мәртебесін арттырып, жарыстың халықаралық деңгейдегі ықпалын күшейтеді деп күтілуде.

Баспасөз маслихаты барысында тағы бір маңызды мәселе қозғалды – 2029 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы Қазақстанда өткізу мүмкіндігі.

«FISU бұл тақырыпты да көтерді. Бізде Универсиаданы жоғары деңгейде өткізу үшін барлық алғышарттар бар», – деді Қайрат Закирьянов.

Алматының 2026 жылғы студенттер арасындағы бокс әлем чемпионатын қабылдауы – тек ірі спорттық іс-шара емес, халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам. Егер 2029 жылғы Қысқы Универсиада да Қазақстанға берілсе, еліміздің студенттік спорттағы рөлі жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін.
Ернұр РЫСБАЙ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қайрат закирьянов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғарыштық ауқым: Канье Уэсттің Алматыдағы шоуы қалай өтіп жатыр

Бүгін 23:11

«Тәртіпке, тазалыққа шақырамыз»: концертте еріктілер қалай жұмыс істеп жатыр

Бүгін 22:50

Мыңдаған шақырымды еңсерді: Канье Уэсттің жанкүйері Алматыға арнайы келді

Бүгін 22:05

Канье Уэсттің Алматыдағы концерті дәл белгіленген уақытта басталды

Бүгін 22:01

«Бұл – баламның арманы еді»: анасы Канье Уэсттің концертіне екі баласын ертіп келді

Бүгін 21:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);