ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауы «Орталы...

Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауы «Орталық Азияның кәсіби білім беру педагогтары»

Алматы 30.01.2025, 18:49 724
Халықаралық педагогикалық шеберлік байқауы «Орталық Азияның кәсіби білім беру педагогтары»
Сурет: Алматы технологиядық колледжі
Алматы қаласында кәсіби білім беру саласында «ТМД елдерінің кәсіби білім беру педагогтары» халықаралық педагогикалық шеберлік байқауы өтті.

Алматы қаласында кәсіби білім беру саласында «ТМД елдерінің кәсіби білім беру педагогтары» халықаралық педагогикалық шеберлік байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастырушылар ретінде Алматы қаласының Білім басқармасы және Алматы технологиялық колледжі, әлеуметтік серіктестер мен басқа да колледждердің қолдауымен шықты.

Байқау педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, оларды үздіксіз білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыруға бағытталған. Іс-шараның негізгі мақсаты — Орталық Азия және ТМД елдері арасында талантты педагогтарды анықтау және қолдау, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені жинақтау. Байқау, сонымен қатар, педагогтарды дайындық, өткізу және байқау тапсырмаларын бағалау процесінде бірлесіп жұмыс істеу арқылы әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялауға ықпал етуге тиіс.Байқауға Алматы қаласының колледждері мен кәсіби лицейлерінің педагогтары (өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пәндердің оқытушылары), Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы қатысты, олар тиісті салаларда жұмыс тәжірибесіне ие болды. Әрбір білім беру ұйымы бір сала бойынша бір қатысушыны ұсынды. Егер бұл жылғы байқау сәтті өтсе, ұйымдастырушылар келесі жылдары салалар тізімін кеңейтіп, іс-шараны офлайн форматта өткізуді жоспарлап отыр.
Байқау тапсырмалары екі бөлімге бөлінді: теориялық және практикалық. Теориялық бөлімге педагогикалық тәжірибеге байланысты ситуациялық есептерді шешу кірді. Практикалық бөлім келесі салалар бойынша кәсіби модульдерді орындауды қарастырды. «Кондитер» бағытындағы қатысушылар екі қабатты мерекелік торт дайындап, мастикамен жұмыс істеу дағдыларын, кондитерлік құралдарды пайдалануды және қауіпсіздік техникасын сақтауды көрсетуі керек болды.

«Аспаз» саласында қатысушыларға құс еті мен сиыр етінен ыстық тағам дайындау, гарнир мен тұздық қосып, заманауи дайындау әдістерін қолдану тапсырылды.

«Горничная/Housekeeper» бағытында қатысушылар қонақүй нөмірін тазалап, «Honeymoon» стилінде безендіруі, горничная арбасымен жұмыс істеу дағдыларын және экологиялық тазалау әдістерін білуін көрсетуі керек болды. 

«Даяшы» саласында байқаушылар үстел сервизін жинап, майлықтарды әртүрлі әдістермен бүктеуі және шарапты декантирлеу дағдыларын көрсетуі керек болды.

 «Бармен-бариста» бағытында қатысушылар кофе ішімдіктерін (латте-арт және латте-макнато) дайындап, авторлық алкогольсіз коктейль жасауы, гигиена және қауіпсіздік стандарттарын сақтауы керек болды.

Байқау Алматы технологиялық колледжінің, Алматы қызмет көрсету және технология колледжінің, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Қырғыз Республикасы колледждерінің базасында аралас форматта (онлайн/офлайн) өтті.

Қатысушылардың жұмыстары белгіленген критерийлер бойынша тәжірибелі педагогтар мен мамандардан тұратын байқау құрылтайының алқасымен бағаланды. Әрбір сала бойынша байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

«ТМД елдерінің кәсіби білім беру педагогтары» халықаралық байқауы қатысушы елдердің педагогтары үшін маңызды іс-шара болып табылады, ол оларға кәсіби дағдыларын көрсету, тәжірибе алмасу және кәсіби дамуға шабыт алу мүмкіндігін береді. Ұйымдастырушылар байқаудың дәстүрлі болып, Орталық Азия мен ТМД елдерінде кәсіби білім беру сапасын арттыруға ықпал ететініне үміттенеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.