AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті

Білім және ғылым 23.11.2023, 05:37 1,582 Дуйсенбекова Нуржамал №176 мектеп-гимназияның директоры
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, әлем жұртшылығына таныту бағытында Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы №176 мектеп-гимназияда халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.


Семинар жұмысының өткізілуіне тікелей қолдау көрсетуші Алматы қаласы Білім басқармасы, Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» мен Наурызбай ауданы Білім бөлімі.


Халықаралық семинар жұмысына 550 қолөнер шеберлері мен көркем еңбек пәнінің ұстаздары қатысуға өтініш білдірген. Оның ішінде республиканың 19 қаласынан онлайн түрде қосылып, семинар жұмысын тамашалады. Сонымен қатар, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындары оқытушылары онлайн түрде өз баяндамаларын ұсынды.



Халықаралық семинар келесі мәселелер бойынша жұмыс жүргізді:


Еңбекке балу [ұлттық қолөнер]. Мектептегі еңбекке баулу пәні бойынша оқушыларды ұлттық кәсіпке баулу, оларды еңбекқор етіп тәрбиелеуде маңызды деп есептейміз. Ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі. Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.


Ұлттық мектеп формасы. Мектепте оқушы формасына қойылатын басты талап – оның ұлттық сана-сезімін оянуына ықпал ете білуі. Мектеп оқушылары арасында ұлттық нақыштағы мектеп формасын енгізу. 


Алматы қаласында алғаш рет ұйымдастырылған көркем еңбек пәні мұғалімдері арасындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өте жоғары деңгейде өткізілді. Семинарда талқыланған мәселелер болашақта өз шешімін табатынына сенімдіміз.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);