AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Халықаралық еріктілер жылы Алматыда 200-ден астам...

Халықаралық еріктілер жылы Алматыда 200-ден астам іс-шара өтеді

Барлығы 29.01.2026, 12:10 432 yakiya
Халықаралық еріктілер жылы Алматыда 200-ден астам іс-шара өтеді
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялағандықтан, Алматыда еріктілер мен жастар қозғалысын дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек осы жайлы айтты. 

Оның айтуынша, Халықаралық еріктілер жылын өткізу туралы шешім Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып келе жатқан көпжылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі болып отыр.

«2026 жылдың Халықаралық еріктілер жылы ретінде танылуы – символдық қадам емес, бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан дәйекті әрі жүйелі жұмыстың нәтижесі. Бұл ешнәрсеге бейжай қарамайтын белсенді азаматтардың ортақ жетістігі», – деді Азиз Кажденбек.
 
Алматы – Қазақстандағы жастары ең көп қала болғандықтан, елдегі еріктілер қозғалысын дамытуда ерекше орын алады. Қалда қазір 712 мыңнан астам жас тұрады, олар 35 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Осы жақында Алматы Қазақстан мен түркі әлеміндегі жастардың астанасы мәртебесіне ие болды.

Халықаралық еріктілер жылы аясында Алматыда сегіз негізгі бағыт бойынша 200-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ жыл бойы Алматыда «100 игі кездесу» жобасы, Birgemiz Inclusion инклюзивті бағдарламасы, «Ұрпақтар диалогы – Алматы» тәлімгерлік бастамасы, жануарларды қорғау, мәдениет, қалалық хакатондар, муралдар мен подкасттар саласындағы жобалар жүзеге асатыны да айтылды.

«Бұлардың барлығы еріктілікті кемел адам болудың, жастарды қаланың дамуына қатыстырудың нақты құралына айналдыратын тұрақты жүйе қалыптастыруға бағытталған», – деп түйіндеді сөзін Азиз Кажденбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Халықаралық еріктілер жылы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);