AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ ХАБ ҚҰРУДА ЖАҢА ҚАДАМ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ ХАБ ҚҰРУДА ЖАҢА ҚАДАМ

Барлығы 21.05.2025, 21:04 801 Алматы Ақшамы
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ ХАБ ҚҰРУДА ЖАҢА ҚАДАМ
Азаматтық Авиация Академиясы

2025 жылғы 20 мамырда Бейжің қаласында Қазақстан делегациясының Қытайға ресми жұмыс сапары өтті. Сапар аясында Алматы облысының әкімдігі, «Азаматтық авиация академиясы» АҚ және Қытайдың Banruo Silu Aviation Co., Ltd. және Hainan Kunying Aviation Co., Ltd. компаниялары арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл құжат ұзақ мерзімді әріптестік орнатуға және өңірлік халықаралық авиациялық хаб құру мен дамыту бойынша ауқымды жобаны іске асыру үшін қажетті іс-шараларды айқындауға бағытталған. Жоба логистика, авиациялық мамандарды даярлау, коммерциялық және авиациялық инфрақұрылым бағыттарын қамтиды.

Меморандум аясында Азаматтық авиация академиясы кадрларды даярлау және инновациялық білім беру шешімдерін енгізу бойынша бейінді салалық әріптес ретінде белгіленді. Жобаны жүзеге асыру Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Бахар ауылында орналасқан Академияға тиесілі жер учаскесінде жүргізіледі.

Азаматтық авиация академиясының қытайлық әріптестерімен ынтымақтастығы тұрақты даму үстінде. 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Академия Қытайдың Тяньцзинь қаласының муниципалитетімен «Бір белдеу — бір жол» халықаралық жоба аясында жұмыс істеп келеді. Қытайдың азаматтық авиация университетімен бірлесіп, әуежайлардың цифрлық егіздерінің қытай-қазақ зерттеу орталығын құру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба авиациялық инфрақұрылымды басқару және қызмет көрсету бойынша зияткерлік жүйелерді дамытуға, сондай-ақ азаматтық авиацияны цифрлық түрлендіру үдерістерін қолдауға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында тараптар азаматтық авиация саласындағы инновациялар жөніндегі бірлескен орталық құру мүмкіндігін қарастыруда.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#авиация #Азаматтық авиация
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);