Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Халықаралық армия ойындарының жеңімпаздары ұлықтал...

Халықаралық армия ойындарының жеңімпаздары ұлықталды

Әлеумет 15.09.2022, 15:30 1,175
Халықаралық армия ойындарының жеңімпаздары ұлықталды
Сурет: министрлік

Биыл еліміздің Қарулы күштері 34 байқаудың жетеуіне қатысып, төрт «алтын» және бір «күміс» жүлде олжалады


Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында танкистер күніне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.


Әскер сапындағы танкистер мен ардагелерді құттықтаған Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов танкистер жауынгерлік дайындық деңгейін ұдайы арттырып қана қоймай, кәсіби шеберліктерін шыңдап, іс-қимылдың жаңа тәсілдерін меңгеретінін атап өтті.



«Танкистер батылдығымен, шыдамдылығымен, табандылығымен ерекшеленеді. Олар тактика мен шұғыл іс-қимылды, қару-жарақ пен әскери техниканы ұрыста қолдану негіздерін терең меңгерген. Қорғаныс министрлігінің басшылығында әрдайым танк әскерлерінде қызмет еткен генералдардың да болуы кездейсоқтық емес», – деді ведомство басшысы.



Генерал-полковник Руслан Жақсылықов өзінің әскери борышын абыроймен атқарып жүрген әскери қызметшілерге, сондай-ақ қоғам ісіне және жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуге белсене араласуды жалғастырып келе жатқан Қарулы күштердің ардагерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.


Салтанатты жиналыс барысында Қорғаныс министрі 2022 жылғы тамызда өткен Халықаралық армия ойындарының соңғы қорытындыларын жариялады. Биыл еліміздің Қарулы күштері 34 байқаудың жетеуіне қатысып, төрт «алтын» және бір «күміс» жүлде олжалады. Осылайша, жалпы есепте 38 елдің ішінде үшінші орынға ие болды.



«Барлығы да жеңістің оңай келмегенін көрді.  Шын мәнінде, бұл жарыстар біздің әскери экипаждар, есептоптар үшін сынақ алаңы болды. Жауынгерлер моральдық және психологиялық тұрғыда жетіліп, жеңіске деген шексіз ерік-жігерін, өз кәсібіне және әскери мамандыққа адалдығын осы сайыстарда анық көрсетті», – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.



Қорғаныс министрі әскери сайыстарда үздік нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерге ведомстволық «Ел қорғаны» медальдарын табыс етіп, сонымен қатар мерзімінен бұрын әскери атақтар берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #жаттығу #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.