Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Халық үшін екінші орындағы табыс көзі

Халық үшін екінші орындағы табыс көзі

Әлеумет 02.06.2023, 08:24 1,037
Халық үшін екінші орындағы табыс көзі
Сурет: Adyrna.kz

Мемлекеттен төленетін әлеуметтік төлемдер халық үшін екінші орындағы табыс көзіне айналған.


Мәжіліс депутаты Мәди Тәкиев Amanat партиясы фракциясының халық табысын арттыру бағдарламасы талқыланған жиында осындай дерек келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген қазақстандықтар туралы айтсақ, олардың саны 2 млн адамнан асады. Бұлардың шамамен үштен екі бөлігі немесе 65 пайызы жұмысы бар кедейлерге жатады. Өйткені айлықтары 100 мың теңгеден төмен. Мұндай адамдардың 62 пайызы ауылда жұмыс істейді. Салық режимі сараланып белгіленетіндіктен оларды кедей деуге келмейді. Бірақ бұлай қалдыруға болмайды. Табыстың төмен болуынан халық үшін әлеуметтік төлемдер екінші орындағы табыс көзіне айналды. Қазірдің өзінде халық кірісінің 23 пайызы әлеуметтік төлемдерге тиесілі. 2015 жылдан бері бұл динамика ушығып келеді. Ол кезде 178 пайыз еді. Дамыған елдерді қарасақ, оларда әлеуметтік төлемдер халық табысының 10-15 пайызынан аспайды», - деді депутат.



Мәди Тәкиев Қазақстандағы кедейлік деңгейі 16 пайызға жеткені туралы дерек келтірді.



«Табыс аз болғандықтан, инфляция асқынғандықтан қазақстандықтардың 50 пайызы табысын түгел азық-түлікке жұмсап жүр. Басқа шығындарға жұмсайтын ақшасы жоқ. Одан кейін өңірлерде деректердің теңгерімсізігін көріп отырмыз.


Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Қазақстандағы кедейлік деңгейі 16%-ға жеткен», - деді Мәжіліс депутаты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік төлем #табыс көзі #халық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.