Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 37 ж...

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 37 жобаны іске асыру жоспарланған

Әлеумет 19.01.2023, 04:12 1,556
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 37 жобаны іске асыру жоспарланған
Сурет: Almaty.tv

2022 жылы қала тұрғындары үшін қалалық ортаның жайлылығын жақсарту мақсатында Алатау ауданында 36 қоғамдық кеңістік салынып, 53 аулаға күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 63 үйдің фасадтары жаңартылды.


Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таппақ. Бұл туралы Алматы әкімі Е.Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 37 жобаны іске асыру жоспарланған. Балалар алаңдары мен воркаут аймақтары, футбол алаңдары, баскетбол және волейбол алаңдары, жаяу жүргіншілер аймақтары, саябақтар, т.б. салынады.


Аула ішіндегі аумақтардың жағдайын жақсарту үшін шұңқыр үлгісіндегі 45 контейнерлік алаң орнатылып, 23 аулаға ағымдағы жөндеу жүргізіледі, сондай-ақ Саялы және Ақбұлақ шағын аудандарындағы қалған 63 үйдің фасадтарын жаңарту аяқталады.


Бұдан басқа 2023 жылдың соңына дейін ауданның барлық 19 жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне күрделі жөндеу жүргізіліп, лифтілер мен пандустардың жұмысы ретке келтіріледі. 


Осы жылдың соңына дейін "Зерделі" шағынауданындағы 32 үйдің қалған 7-уін нығайту және түзету жұмыстары аяқталады (1/139, 1/141, 1/142, 1/144, 1/170, 1/177, 1/178). Қазіргі уақытта құрылысы аяқталмаған екі үйді бұзу жұмыстары жүріп жатыр, оны осы жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланған. Осы жерге сквер салынатын болады.


Сондай-ақ, көктемде үш ірі рекреациялық аймақ – "Өжет" шағынауданындағы тоғанды, Боралдай өзенінің бойын, "Зерделі" шағынауданындағы жасыл аймақты абаттандыру жұмыстары басталады. Жұмыстарды 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.


Ауданда жаңбыр жауған кезде үнемі су басатын жерлердің (18 учаске) мәселесі қарқынды шешіліп жатыр.


Төтенше жағдай желісі бойынша осы мәселені жедел шешу үшін өткен жылы коллекторларды, бұру каналдарын қалпына келтіру және арық желісін салу жұмыстары басталды.


Бүгінде 7 учаскеде жұмыстар аяқталды. Үш коллектор қалпына келтірілді және ұзындығы 955 м арық желісінің құрылысы аяқталды (Қаракемер көшесі, Мұқаев көшесі, Таджикская көшесі, Райымбек даңғылы, Момышұлы көшесінің қиылысы - ауысу).


Қалған 11 учаскені жою жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.


2 коллектор (4,9 км), 1 бұру каналы (3,6 км) қалпына келтіріледі, сондай-ақ арық желісінің 8 учаскесінің (5,9 км) құрылысы қамтамасыз етіледі.


Анықтама үшін: арық желісінің учаскелері: Райымбек даңғылы, Момышұлы, Әлімқұлов, Магаданская, Мұқаев, Шәріпов, Бейсекбаев, Таджикская көшелері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жайлы орта #әлеумет #әкіммен кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.