AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халық қатысатын бюджет: Алмалы ауданында тұрғындар...

Халық қатысатын бюджет: Алмалы ауданында тұрғындардан 42 өтінім келіп түскен

Әлеумет 14.11.2022, 16:36 1,256
Халық қатысатын бюджет: Алмалы ауданында тұрғындардан 42 өтінім келіп түскен
Сурет: Almatytv

Жергілікті әкімдік өкілдері жобаны бастамас бұрын тұрғындардың талап-тілегін тыңдайды


Алматының Алмалы ауданында биыл тұрғындардан 42 ауланы абаттандыруға өтінім келіп түскен. Тізімдегі мекен-жайлардың басым көпшілігі біраз жылдан бері жөндеу көрмепті. Ескі тұрғын үй аулаларына жергілікті әкімдік соңғы жылдары көңіл бөле бастаған. Нәтижесінде балалар ойнайтын алаңдар мен скверлер орнатылып, жарық бағандары пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Бұл – Шагабуддин мен Чайковский көшелері бойында орналасқан тұғын үй аумағы. Алмалы ауданына қарасты мекен жайда биыл құрылыс қарқынды жүрді. Спорт құрылғылары орнатылып, алаңдарға резеңке жабын төселді. Балалар ойнайтын аулалар шарбақтармен қоршалды. Десе де мұның бәрі жергілікті әкімдіктің жылдағы жоспарлы жұмысы. Бұдан бөлек, ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында да шаруа жасалды.



«Биыл бізде 42 ауланың ішінен 5 аула таңдалып алынып, күрделі жұмыстан өткізілді. Сондай-ақ «Халықтың бюджетке қатысу» бағдарламасы арқылы 21 аулаға жұмыс жүргізіліп, тұрғындар өздерінің ризашылығын білдіріп жатыр», –деді Алмалы ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Руслан Айтанов.



Осылайша айнала жаңаша түрленіп, бос жатқан жерлердің көркі келісті. Балалар мен егде жастағы зейнеткерлер қуанышында шек жоқ. Жергілікті әкімдік өкілдері жобаны бастамас бұрын тұрғындардың талап-тілегін тыңдайды. Тиісінше орындықтар мен балалар алаңы көпшіліктің талғамына қарай орнатылған.



«Чайковский көшесінде тұрғанымызға 48 жыл болды. Сол уақыттан бері ауламызда тек балалар алаңы болатын. Қазір далаға шыққанда демалатындай жағдай жасап берді», – деді Алмалы ауданының тұрғыны Кенжетай Барақбаева.



«Ауланы абаттандыру жұмыстарының тұрғындармен кеңесе отырып жүргізілгені қуантады. Бәріміз көршілер болып шығып, демалып серуен құруымыз үшін қажетті дүниемізді айтамыз. Аудан әкімдігі сол жоспар бойынша жұмыс жүргізеді», – деді Алмалы ауданының тұрғыны Елена Вавулиди.


Жауаптылар мұндай жұмыстардың келер жылы да жалғасатынын айтты. Жалпы тұрғындар тарапынан биыл 42 жобаға өтінім келіп түссе, соның бесеуі аяқталды. Қалған 37 жоба алдағы жылға жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет #өтінім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);