Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Халық қалаулылары «Ұланға» барды

Халық қалаулылары «Ұланға» барды

Әлеумет 29.08.2023, 04:36 860
Халық қалаулылары «Ұланға» барды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Әскердің тыныс-тіршілігіне қатысты қордаланған сұрақтар талқыланды.


Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарында ұландықтардың жағдайымен танысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Қалық қалаулылары қатарында Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан мен «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Айгерім Мұстафаева бар.



Халық қалаулысы алдымен өңірлік қолбасшылық басқармасы мен 5571 әскери бөлімінде болды. Мәжілісменді күтіп алған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы полковник Бекайдар Қазкеев қолбасшылықтың қызметтік-жауынгерлік жұмысын және бөлімдердің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, әскери қызметшілердің ел қорғаудағы атқарып жатқан қызметтері туралы кеңінен таныстырды.



Кездесу барысында құқықтық тәртіп әскерінің қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде елеулі әсер ететін бірқатар мәселелер айтылып, Ұлттық ұлан әскерінің тыныс-тіршілігіне қатысты қордаланған сұрақтар талқыланды.


Кейін халық қалаулысы өңірлік қолбасшылыққа іргелес орналасқан 5571 әскери бөлімінің жауынгерлік әзірлігімен және олардың үй-жайлары, тұрмыс-тіршілігімен жақын танысты. Сонымен қатар, бөлімнің әскери техникасын, атыс қаруы мен жеке құрамның арнайы жабдықтарын қарап өтті.


Сапар барысында Мәжліс депутаты қолбасшылық тарапынан айтылған мәселелер басты назарда болатынын, әр күрмеулі мәселенің шешімін табуына күш салатынын жеткізді. Сондай-ақ, құқықтық тәртіп әскерінің жеке құрамына алдағы уақытта да әскер мен мемлекетті нығайтуға лайықты үлес қосатынына сенім білдірді.



Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты жедел және арнайы мақсаттағы әскери бөлімдері мен бөліністері ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің 6 қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететінін атап өткен жөн.



Күн сайын 1700-ден аса құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері ІІО бірге патрульдік қызмет атқаруға жұмылдырылады. Ағымдағы жылдың өзінде Ұлттық ұландықтар 4000-нан аса құқық бұзушыны ұстап, ішкі істер органдарына жеткізді. Құқық бұзушылықтың 140-тан астамы қылмыстық сипатқа ие. Ұландықтар күшімен 17 суық және ату қаруы, сондай-ақ 0,8 тонна есірткі заттары тәркіленген.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кездесу #Ұлан #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.