ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Халық Кеңесі барлық азаматтардың мүддесін білдіред...

Халық Кеңесі барлық азаматтардың мүддесін білдіреді – Бақыт Нұрмұханов

Билік 28.01.2026, 16:44 180
Халық Кеңесі барлық азаматтардың мүддесін білдіреді – Бақыт Нұрмұханов
telegram.org@konstituciyalikreforma
Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Конституциялық комиссияның кезекті отырысы басталды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Конституциялық комиссия мүшелері Қазақстан Республикасы Ата Заңының негізгі бөлімдеріне түзетулерді дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарды. Атап айтқанда, ел Парламентінің өкілеттіктері мен рәсімдеріне айтарлықтай ревизия жүргізілді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Комиссияның төртінші отырысында мәлімдеді.

"Президент" бөлімінің ережелері тұжырымдамалық тұрғыдан қайта қаралды: президенттік сайлау мен ант беру рәсімінің мерзімі, Мемлекет басшысының Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы аясындағы өкілеттіктері, сондай-ақ кадр мәселелері мен норма шығару функциялары.

"Бөлімге вице-президенттің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктеріне арналған жаңа бап енгізілді", – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.
Оның айтуынша, бір палаталы Парламентке көшу аясында "Құрылтай" бөліміне кең ауқымды түзетулер жобасы дайындалды. Атап айтқанда, екі палаталы Парламент және оның осындай жүйедегі қызметі туралы ережелер алынып тасталды.
"Заң шығарушы органның өкілеттіктері мұқият қайта қаралды. Құрылтайдың сессиялары мен қызметін ұйымдастыруға қатысты барлық баптар жаңартылды. Заң шығару бастамасы құқығы бар субъектілердің тізімі кеңейтілді. Құрылтай қабылдаған заңдармен реттелетін негізгі қоғамдық қатынастардың тізімі кеңейтілді. Заң жобаларын қарау және қабылдау рәсімдерін реттейтін ережелер қайта қаралды", – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.

Бақыт Нұрмұханов атап өткендей, республика азаматтары арасынан құрылған Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты ережелер жеке бөлімде шоғырланған. Сондай-ақ, жаңа жоғары кеңес органы Қазақстан халқының мүдделерін білдіру және заң шығару бастамасы құқығына ие болатыны бекітіледі.

Сонымен қатар, салалық конституциялық заңда көрсетілген Конституциялық соттың құқықтық мәртебесі туралы ережелер де Конституция жобасына енгізілді.

"Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын және бүкіл ел бойынша Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі мәртебесін бекітеді", – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.
Сөз аяғында ол Конституциялық Сот шешімдерінің құқықтық салдары да нақты айқындалатынын да айтты.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.