AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Халық жүрегіндегі қаһарман

Халық жүрегіндегі қаһарман

Әлеумет 18.01.2024, 13:41 1,624 Almaty-akshamy.kz. 
Халық жүрегіндегі қаһарман
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Кеңес Одағының Батыры №1 Халық қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойына орай Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы "Халық жүрегіндегі қаһарман" атты көшпелі көрме ұйымдастырды.


Батырдың бірегей жәдігерлері үшін алғашқы алаң Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражай болды. Музейге келушілер үшін маңызды оқиға болған көрменің ашылуына Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Көрменің ашылуында Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалының эстрадалық-би тобы өнер көрсетті. Сұңқар Әлимұса Нұрлан Нұртазиннің «Сағадат» әнін орындады.



– Тақырыптық тұрғыдан біз көрме материалдарын соғысқа дейінгі, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы және тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерін құрудағы тұңғыш Қорғаныс министрінің рөлін көрсететін үш кезеңге бөлдік, – деп түсіндірді Мемлекеттік әскери-тарихи музейдің бастығы Ләззат Әлжан.



Көрмеге тарихи фотосуреттер, Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлықтың, Алтын жұлдыздың көшірмелері және фуражка, белдік, кобура, гимнастерка, шинель, былғары қолғап, етік, генерал погондары сияқты Сағадат Нұрмағамбетовтың жеке заттары қойылған. Бір қызығы, жәдігерлердің арасында оның жақын туыстары біле бермейтін сирек фотосуреттер де кездеседі.


Алматыдағы көрме 31 қаңтарға дейін жалғасады. Сосын бұл құнды жәдігерлер еліміздің өзге де он қаласын араламақ.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #қорғаныс #Сағадат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);