ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Референдум - 2022 / Халық игілігін көздеген реформа

Халық игілігін көздеген реформа

Референдум - 2022 20.05.2022, 06:05 885
Халық игілігін көздеген реформа
almaty-akshamy.kz
Ағымдағы жылдың 16 наурызында Президент Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында жалпы Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және...

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Президент Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында жалпы Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын айқындайтын саяси реформалардың 10 басым бағытын белгілені аян. Сондағы көзделген саяси реформа – Екінші Қазақстанның стратегиялық жаңа парадигмасы болары анық. Бұл – егемен елдің жаңа дәуіріндегі халық игілігіне қызмет ететін бірден-бір саяси бетбұрыс тұғырнамасы.


Халық назарына ұсынылып отырған Конституциялық жаңаруға сараптамалық пікірдің құптарлық жақтары төмендегідей:



  • Қоғамның және елдің өміріне жан-жақты ықпал ететін елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттар аясында аталған іргелі өзгерістер бес негізгі бағытта жүргізілетіні сенім ұялатады. Түптеп келгенде олардың бәрі Жаңа Қазақстан саяси жүйесін терең демократияландыруға бағытталған.

  • Әсіресе, суперпрезиденттік басқару формасынан мықты президенттік республикаға түпкілікті көшу идеясы орынды болмақ,

  • Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық Сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тежемелілігі мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру азаматтық қоғам құрудың жолдарының бірі деп айтуға болады.

  • Сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу саяси билікті либерализациялау үдерісін білдірсе керек. Бұл да оң қадам.

  • Мәслихаттардың рөлін, әсіресе, олардың дербестігін арттыруға қадам нағыз демократиялық сана мен әлеуметтік-саяси мәдениетті қалыптастыру көзі дей аламыз.

  • Өлім жазасына тыйым салынуы – гуманистік ұстанымнан туындаса керек.

  • Алқабилердің қатысуымен қаралатын істердің санатының ұлғайтылуы құптарлық іс. Бұл халықтың мәмлегерлік мәдениетті құрметтеуіне апаратын жол.

  • Бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту мәселелері бойынша жеке заңның болуы құптарлық іс. Бұл шын мәнісінде құқықтық мемлекетті қалыптастыруға, сөз бостандығын қамтамасыз етуге және заңның үстемдік құруына мұрындық болмақ.

  • Конституцияның 6-бабының 3-тармағының: «Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп редакциялануы мемлекетке сенімді еселей түспек. Міне бұл – «Халық үшін мемлекет» концепциясының іске асырылу үлгісі болмақ.


Енді кейбір ұсыныстарға жол берсек:



  • «Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары лауазымдарын иеленуге құқығы жоқ» дейтін 43-баптың 4-ші тармақшасы біздегі ресми құжаттарда ұстанған меритократиялық ұстанымға қайшы келмес пе деген ой туады. Бұл эмоциялық бейілдікке негізделген тұжырым болып көріне ме деген сезімге итермелейді. Әрине, бұл біздің жеке пікіріміз, ол тым субъективті де болуы мүмкін. Алайда, Ата Заңда ондай сенсорлық деңгейде айтылатын тұжырымдардың хатталуы қаншалықты сауатты болатыны ойландырады.

  • «Келісу комиссиясы» деген сөз тіркесі «Мәмілегерлік комиссия» немесе «Мәмілелік комиссия» деген сөз тіркестерімен ауыстырылса қалай болады.

  • «Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату» деген бөлімдегі «оңайлату» деген сөз ауызекі тілде қолданылады, ал құжат тілінде «жеңілдету» немесе «оңтайландыру» десе дұрыс болар еді.

  • 83-1-баптың 3-тармақшасындағы «Қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған жағдайларды қоспағанда, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін атқару мерзімі кезеңінде Сенаттың келісімінсіз тұтқындауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартылуға жатпайды» дейтін тұжырым қарапайым халықтың түсінігіне өте салмақ салып, оны түсінбейтін жағдайға әкеледі деген пікірдеміз.

  • 71-баптың 4-тармақшасында. «Конституциялық Сот судьяларының қызметі депутаттық мандатпен; оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кірумен сыйыспайды» дегендегі соңғы сөз тіркестері де түсініксіздеу болып көрінеді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.