AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Халқының саны шарықтау шегіне жеткен мемлекеттер а...

Халқының саны шарықтау шегіне жеткен мемлекеттер аталды

Әлем 31.08.2025, 15:37 562 dulatbekova
Халқының саны шарықтау шегіне жеткен мемлекеттер аталды
Сурет: Islam.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымы әр мемлекеттің халық санының шарықтау шегі қай кезеңдерге тұспа-тұс келетіні  туралы болжам жасады.

Бұл жайында islam.kz порталы БҰҰ сайтына сілтеме жасай отырып мәлім еткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

 «Әлем тұрғындарының келешегі» атты баяндамадағы мәліметтерге қарағанда, адамзаттың төрттен бірінен көбі халық саны азайып келе жатқан елдерде тұрады. Мәселен, өткен жылы Қытай, Германия, Жапония және Ресей халқының саны өзінің шарықтау шегіне жеткен.

Демографиялық болжам бойынша биыл 48 елде халық саны шарықтау шегіне жетпек. Бұл елдердегі халық саны адамзаттың 10 %-н құрайтын болады. 2054 жылға дейін Үндістанда, Пәкістанда, Нигерияда және Америка құрама штаттарында, сондай-ақ, 126 елде халық саны өсетін болады. АҚШ, Канада, Франция және Ұлыбритания сияқты елдерде халық саны көші-қон (мигранттар) есебінен өседі, ал туудың жоғары көрсеткіші мен неғұрлым жас демографиялық құрылым Анголада, Сомали мен Нигерде халық санының өсуіне ықпал ететін негізгі факторға айналады. Ал Пәкістан мен Нигерияда халық саны 2100 жылдан кейін де баяу өспек. Осы орайда мұндай болжам қазіргі туу коэффициенті, өлім-жітім деңгейі және көші-қон секілді көрсеткіштерге негізделген. Соғыс, жұқпалы індет, аштық, климат дағдарысы, әлеуметтік-экономикалық ахуалдар, т.б. секілді туу көрсеткішіне сөзсіз әсер ететін өзге факторлар бұл болжамда ескерілген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#халық саны #шарықтау шегі #Мемлекеттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);