ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғылым және жоғары білім саласы бойынша HR-форум ө...

Ғылым және жоғары білім саласы бойынша HR-форум өтті

Білім және ғылым 24.05.2025, 11:11 672
 Ғылым және жоғары білім саласы бойынша HR-форум өтті
Cурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 23 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің ғылыми және жоғары білім беру ұйымдарына арналған республикалық HR-форум өтті. Аталған ауқымды шара Қазақ...

2025 жылғы 23 мамырда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің ғылыми және жоғары білім беру ұйымдарына арналған республикалық HR-форум өтті. Аталған ауқымды шара Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Форумға еліміздің өңірлерінен ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының адами ресурстарды басқару жөніндегі мамандары, HR саласының сарапшылары, университет басшылары және оқытушылар қатысты.

Іс-шараның салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Персоналды дамыту және басқару департаментінің директоры Айнұр Мырзабекова министр Саясат Нұрбектің құттықтау хатын оқып берді.

«Бұл форум – еліміздің білім және ғылым жүйесіндегі HR саласын дамытуға, заманауи кадрлық саясатты жетілдіруге бағытталған маңызды алаң. Қатысушылар арасында тәжірибе алмасуға, үздік практикаларды бөлісуге және адами капиталды басқарудың жаңа тәсілдерін бірлесе айқындауға мол мүмкіндік беретін игі бастама. Адами ресурстар кез келген ұйымның табысты дамуының негізі. Сондықтан кадр саясатын тиімді жүргізу, дарынды мамандарды тарту мен ұстап қалу, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау – біздің ортақ міндетіміз», – делінген хатта.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректорының міндетін атқарушы Еркін Шажаұлы Дүсіпов өз сөзінде форумда адами капиталды дамытудың жаңа тәсілдері, кадрлық үдерістерді заманауи талаптарға сай бейімдеу жолдары талқыланатынын атап өтті.

Шара барысында баяндамашылар жоғары оқу орындарындағы HR-менеджменттің өзекті мәселелерін көтеріп, академиялық ортадағы кадрлық процестерді цифрландыру, кадрлық резерв қалыптастыру, тиімді мотивациялық механизмдер мен оқытушыларды кәсіби тұрғыда қолдау тетіктерін жетілдіру жолдарын ұсынды.

«Форумға ведомстволық жоғары оқу орындары шақырылып, 63 университеттен 78 адам келді. Шаада қатысушылар тәжірибе алмасып, еңбекпен қамту саласындағы бар мәселелерді талқылады, кадр мамандарын толғандырған, соның ішінде біліктілік талаптары мен университеттердің академиялық еркіндігінің таралу деңгейіне қатысты сұрақтар қойды. Біз кері байланыс алып, маңызды сұрақтар қойдық, болашақтағы өзара іс-қимыл жолдарын айқындадық», – деп атап өтті QyzPU HR-департаментінің директоры Юлия Микропуло.

Кездесу аясында Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің HR-департамент директоры Еркін Тастанқұлов өз пікірін білдірді.

«Форумға арнайы келгеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі республикалық HR-форум – Конституцияда көрсетілген адами ресурстардың маңыздылығына негізделген, жоғары деңгейде ұйымдастырылған маңызды іс-шара. Елде сапалы білім жүйесін қалыптастыру үшін ең алдымен адами капиталды дамытуымыз қажет. Қазіргі таңда жоғары оқу орындарының деңгейі біртіндеп артып келеді. Егер біз технологиялық дамудан қалыс қалғымыз келмесе, адам ресурстарымен тікелей жұмыс істейтін мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған шараларды жүйелі түрде өткізіп тұруымыз керек. HR саласының өкілдерінің біліктілігін арттыру арқылы біз сапалы білім беретін білікті мамандарды жұмысқа тартуға жол ашамыз», – деді.

Қазақстанның білім және ғылым жүйесі үшін маңызды оқиғаға айнаған HR-форум еліміздегі жоғары оқу орындарында кадрлық әлеуетті стратегиялық дамыту мен HR-тәсілдерді жаңғыртуға мүдделі кәсіби мамандарды біріктірді.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.