AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамд...

Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Әлеумет 28.11.2022, 08:45 1,463
Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды
Сурет: Gov.kz

Бұл кеңестің жұмысы арнайы заңмен айқындалған. 


Ғылым және жоғары білім министрлігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, оқытушылар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері кірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің алғашқы отырысына министр Саясат Нұрбек қатысып, ведомствоның алдағы жоспарларына тоқталды.



«Жаңадан құрылған министрліктің алдына Мемлекет басшысы үлкен міндеттер қойып отыр. Ғылым мен жоғары білім саласына қатысты барлық шешімдерді өздеріңіздің талқылауларыңызға ұсынамыз. Себебі Қоғамдық кеңестің жұмысы арнайы заңмен айқындалған. Құзыреті де жоғары. Жұртшылықтың, азаматтық қоғамның пікірін ескеріп, бізге қолдау көрсетеді деп сенеміз», – деді министр.



Отырысқа Қоғамдық кеңестің 17 мүшесінің 11-і офлайн, 6-уы онлайн қатысты. Дауыс беру арқылы ғылым және жоғары білім саласында, сондай-ақ қоғамдық кеңес жұмысын жүргізуде тәжірбиесі мол қоғам қайраткері Серік Ырсалиев Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды.


Министрліктің салалық бағыты ескеріліп, 5 комиссия құрылды. Олардың төрағалары сайланды.



  1. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын қарау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылыми кеңесшісі Жасұлан Шаймарданов;

  2. Бюджет мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова;

  3. Ғылым мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Күнсұлу Закария;

  4. Жоғары білім мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып азаматтық қоғам өкілі Амантай Нұрмағамбетов;

  5. Тіл саясаты мәселелері бойынша комиссия төрағасы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мақпал Тәжмағамбетова сайланды.


Жиын соңында 3 жылға сайланған Қоғамдық кеңестің төралқасы бекітілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қажақстан #үкімет #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);