ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Грантсыз қалғандардың да тегін білім алуына мүмкін...

Грантсыз қалғандардың да тегін білім алуына мүмкіндік бар

Білім және ғылым 12.08.2025, 10:19 613
Грантсыз қалғандардың да тегін білім алуына мүмкіндік бар
Сурет: Gov.kz
Еліміздің әр аймағында әкімдік грантына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Еліміздің әр аймағында әкімдік грантына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әр аймақ қажеттілігіне қарай тек керек мамандық бойынша конкурс жариялады. Биылғы бөлінген нысаналы грант саны – 1729. Бұл былтырмен салыстырғанда бір жарым есе аз.

Алматы қаласы мен Павлодар, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстары бұл бастамадан қалыс қалды. Астана қаласы әкімдігі 526 грант бөліп отыр. Ең азы Қостанай облысында.

Конкурсқа қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беруі қажет. Сұралатын құжат тізімі: аттестат, ҰБТ сертификаты, төлқұжаттың көшірмесі.

Егер жеңілдік санатына жататын болса, растайтын құжаттар талап етіледі. Құжат қабылдау мерзімі әр университетте әртүрлі болуы мүмкін. Қосымша ақпаратты әкімдік сайтынан қарауға болады. Тағы бір қоса кететін ақпарат, әкімдік гранты – нысаналы болғандықтан, түлек оқуын аяқтаған соң сол өңірге барып, 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.

Ректор гранты деген де бар. Ол белсенді, оқу үлгерімі жақсы, әлеуметтік осал топтағы отбасынан шыққан талапкерлерге оқу орындары тарапынан беріледі. Биыл мұндай грант саны екі мыңнан асады.

Бұдан бөлек, жұмыс беруші мен жоғары оқу орны арасында жасалған келісім негізінде жұмыс берушілер де арнайы грант бөледі.

Сондай-ақ "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры 500 грант ұсынып отыр. Өтінім 17 тамызға дейін қабылданады. Грант иегерлерінің тізімі 11 қыркүйекке дейін жарияланады. 

Тегін оқу мүмкіндігін ұсынып отырғандардың ішінде бірнеше жетекші компания бар. Бұдан бөлек, кейбір талапкерлер гранттан бас тартуы мүмкін. Осы кезде мүмкіндік келесі жоғары балл жинаған талапкерге беріледі. Оның нәтижесі қыркүйек-қазан айында белгілі болады. Мұндай мүмкіндік ақылы бөлімде оқитын, үлгерімі жақсы студентке де берілмек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.