ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / «Гранд-опера», «T-Bar», «Мята на Сейфуллина» лаунд...

«Гранд-опера», «T-Bar», «Мята на Сейфуллина» лаундж-бары және «Night Star» кафесі: Алматыда шектеу шараларын бұзу фактілері анықталуда

Әлеумет 20.09.2021, 11:59 608
«Гранд-опера», «T-Bar», «Мята на Сейфуллина» лаундж-бары және «Night Star» кафесі: Алматыда шектеу шараларын бұзу фактілері анықталуда
Сурет: Almaty-akshamy
Демалыс күндері қалада тексеру күшейтілді.

 Демалыс күндері қалада тексеру күшейтілді.


Өткен аптада Алматыда карантиндік шектеулерді бұзған 40 нысан анықталды. Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған мобильді топтар күндіз және түнде жұмыс уақыты мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды бұзатын үйлену тойлары мен мейрамдарды өткізуге болатын кафелер, мейрамханалар мен жалға алынған коттедждерді тексереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Мониторинг топтарының өкілдері 13-19 қыркүйек аралығында 166 тексеру жүргізілгенін, 19 заңды тұлғаға 6 373 645 теңгеге 141 хаттама жасалғанын және маска режимін бұзғаны үшін 122 адамға 5 425 620 теңге көлемінде айыппұл салынғанын хабарлады. 


Демалыс күндері қалада тексеру күшейтілді, кәсіпкерлік объектілері бойынша 26 заң бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылар тізімінде: Райымбек даңғылындағы Street Bar, «Айнұр» кафесі, «Гранд Опера» кешені, T-Bar лаундж-бары, «Мята на Сейфуллина» лаундж бары және Night Star кафесі. 


Жыл басынан бері Алматыда 39 972 нысан тексеріліп, 3 814-те заң бұзушылықтар анықталды. Жалпы сомасы 461 миллион теңгеден асатын 5 988 хаттама жасалды. 


Сарапшылар Алматыда санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қала беретінін атап өтеді. 


Санитарлық дәрігерлер, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері мегаполис тұрғындарын халық көп жиналатын мерекелік шаралардан бас тартуға шақырады. Барлық ұсыныстарға жауапкершілікпен қарау қауіпті инфекцияның таралуын азайтуға көмектеседі. 


Аурудың жаңа өршуіне жол бермеу үшін санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау, коронавирусқа қарсы вакцинацияны салдыру, бетперде тағу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, қолды жиі жуу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.