ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Гонконгте грант арқылы оқу мүмкіндігі

Гонконгте грант арқылы оқу мүмкіндігі

Білім және ғылым 10.05.2023, 04:17 2,685
Гонконгте грант арқылы оқу мүмкіндігі
Сурет: Kazbilim.kz
Қазақстан студенттерінің әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірінде оқу мүмкіндіктері бар.

Қазақстан студенттерінің әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірінде оқу мүмкіндіктері бар. 


Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Ол Дүниежүзілік білім беру форумы аясында Гонконгтің Білім министрі Christine Choi Yuk-lin-мен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап. 



«Гонконг университеттері әлемдегі ең үздік оқу орындарының рейтингіне кіретіні бәрімізге мәлім. Бүгін министр Christine Choi Yuk-lin-мен біздің министрлік және Гонконгтің Білім министрлігі арасындағы қол қойылады деп жоспарланған меморандумда көрініс табуы тиіс мәселелерді талқыладық. Соның бірі - Гонконг тарапының біздің студенттерге гранттар бөлуі. Қорытынды құжатқа осы жылдың жазында қол қоюды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар Christine Choi Yuk-lin-ге қазақстандық ғалымдардың Гонконгте «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде (әсіресе «DeepTech» бағыты бойынша зерттеулер мен әзірлемелер саласында) тағылымдамадан өту мәселесін қарауды ұсындым», - деп жазды министр.



Кездесу соңында министрге Қазақстанның жоғары білім беруді интернационалдандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары, оның ішінде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу процесі туралы айтылған.



«Осы тұрғыда әріптесімізден Гонконг жоғары оқу орындарының басшылығына біздің оқу орындарының ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығы, сондай-ақ қос дипломды бағдарламаларды енгізу және қазақстандық жоғары оқу орындарында филиалдар ашу туралы ақпаратты жеткізуді сұрадым», - дейді Саясат Нұрбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.