AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Головкиннің Муратаға тарту еткен шапаны музейге қо...

Головкиннің Муратаға тарту еткен шапаны музейге қойылды

Спорт 26.12.2022, 02:45 1,605
Головкиннің Муратаға тарту еткен шапаны музейге қойылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Ол Муратаның 2012 жылғы Олимпиадада алған алтын медалі мен боксшы WBA нұсқасы бойынша иелік еткен белбеудің жанына орналастырылыпты.


Әлеуметтік желіде боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жектен кейін жапондық қарсыласы Риота Муратаға жапқан шапанының жаңа суреттері пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Қазақтың ұлттық ою-өрнегімен көмкерілген шапан Жапониядағы Риота Муратаның әуесқой және кәсіпқой бокстегі жетістіктеріне арналған экспозициялар залына қойылған. Ол Муратаның 2012 жылғы Олимпиадада алған алтын медалі мен боксшы WBA нұсқасы бойынша иелік еткен белбеудің жанына орналастырылыпты.


Еске салсақ, 9 сәуір күні Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаң иесі Риота Муратаны (16-2, 13 КО) 9 раундта нокаутқа жіберген еді. Головкин бұл жеңісінің арқасында WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық титулдардың иесі атанды.


Жекпе-жектен кейін GGG жапондық қарсыласы Риота Муратаға шапанын тарту етті, ол бұрын ешбір қарсыласына мұндай құрмет көрсетпеген. Чемпион бұған дейін әр жекпе-жекке осы шапанын киіп шығатын еді, деп жазды Sports.kz.



«Мурата жүзі жылы, жымиып жүреді. Оған деген жақындықты сезіндім және мен оны қатты құрметтеймін. Мен оны керемет чемпион деп есептеймін. Шапан – қазақтың ұлттық киімі. Оны ең құрметті адамға жабатын дәстүр бар. Сол себепті, оны Муратаға жаптым», - деген болатын Геннадий Головкин.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Головкин #Мурата #Шапан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);