AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Голливудтық компания Қазақстанда фильм түсіреді

Голливудтық компания Қазақстанда фильм түсіреді

Мәдениет 17.11.2023, 05:07 1,708
Голливудтық компания Қазақстанда фильм түсіреді
Сурет: Egemen.kz

Әйгілі америкалық студия Грузиямен және Қазақстанмен одақ құрады.


Телешоу және кино түсіру бойынша ынтымақтастық қос елдің ұлттық мәдениетін дәріптеп, аймақ экономикасын дамытуға септігін тигізеді деген сенім мол. Алғашқы фильмді Қазақстанда түсіру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Америкалық WonderHill Studios компаниясы Қазақстан және Грузия елдерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Салтанатты шара Цинандали қаласында өтті.



«COVID-19 кесірінен студиямыз фильм түсіруді тоқтатып, телебағдарлама өндірісіне ден қойды. Бәрі америкалық көрермен арасында кеңінен танылды. Қазір қайтадан кино түсірілімін қолға алып жатырмыз. Осы ретте Грузиямен серіктестік орнатуды жөн көрдік. Қазақстан да біздің жобаларға қатысуға дайын. Меніңше, мұндай ынтымақтастық аймаққа жаңа мүмкіндіктер ашады», деді Марвин Пирт, WonderHill Studios компаниясының бас директоры.



Алғашқы бірлескен көркем фильм Қазақстан мен АҚШ-та түсіріледі. Туындының желісі ерлер арасындағы бәйгеде бас жүлдені қанжығасына байлаған тұңғыш қазақ қызы жайлы өрбиді. 



«Мен Қазақстанның біраз өңіріне саяхаттап, түрлі адамдармен таныстым. Олардан қазақ халқының салт-дәстүрі туралы көп нәрсе білдім. Фильм түсіруге болатындай оқиғалар мен әңгімелер естідім. Сол кезде бәйге дәстүрі мен адамдардың өмірлік құндылығы туралы толыққанды фильм түсіруге болады деген ой келді. Меніңше, АҚШ-та бәйгеге түсіп жүрген қазақ қызы жайлы шығарма америкалықтардың көңілінен шығады деп ойлаймын», деді сценарист Том Тичолз.



Фильмнің сценарийі дайын. Қазір әртістер іріктеліп жатыр. Басты рөлді АҚШ-тағы қандасымыз Аянат Кісенбай сомдайды. Актер қалың көрерменге «Көшпенділер», «Ләйләнің зары» фильмдері арқылы таныс.


Фильмнің бюджеті – 45 миллион доллар. Туынды келесі жылы түсіріледі. Соның арқасында 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Голливуд #фильм #компаиния
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);