Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мінсі...

Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды

Әлеумет Бүгін 12:28 41
Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер мінсіз қызметі үшін БҰҰ медальдарымен марапатталды
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Бітімгерлік миссияның қолбасшысы генерал-майор Анита Асма Қазақстанның әскери қызметшілеріне бітімгерлік миссияға қатысқаны үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының медальдарын табыс етті, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дербес бітімгерлік контингент Фауар базасында қызмет атқарып, Сирия Араб Республикасында орналасқан Голан жоталарында атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді БҰҰ-ның ажыратуды қадағалау күштері құрамында орындап келеді. БҰҰ медалімен миссияда қызмет атқарып жатқан барлық 139 әскери қызметші марапатталды.
 Қазақстандық әскери қызметшілер Ұйым базаларын күзету мен қорғанысын күшейтуді қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындармен өзара іс-қимыл жасайды және жауапкершілік аймағында тұрақтылықты сақтауға бағытталған түрлі міндеттерді орындайды.
— Контингенттің жеке құрамы жоғары кәсіби дайындықты, үйлесімділік пен жедел әрекет ету қабілетін көрсетіп келеді. БҰҰ медалі — әрбір әскери қызметшінің батылдығы, тәртібі мен өз ісіне адалдығының, сондай-ақ миссия аймағында бейбітшілікті сақтау ісіне қосқан үлесінің мойындалуы, — деді бітімгерлік ротаның командирі подполковник Жәнібек Нұрланов.

2025 жылғы сәуірден бері контингент әскери қызметшілері 55 тапсырманы орындап, 1200-ден астам жарылғыш зат пен 43 қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жойды. Жалпы, қазақстандық бітімгерлік контингенттің екінші құрамы миссия басталғалы бері 675 тапсырманы орындады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Голан жоталарында алғашқы дербес бітімгерлік контингентін 2024 жылғы наурызда орналастырған болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бітімгерлік #миссия #БҰҰ #медаль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың 80%-ы Конституциялық реформаны қолдайды

Бүгін 13:34

Алматыда жасанды интеллектті білім беру жүйесіне енгізу мәселелері талқыланды

Бүгін 13:29

Қайрат Нұртас Денис Теннің анасына құрмет көрсетті

Бүгін 12:45

Әр екі апта сайын бір тіл өшеді…

Бүгін 11:45

Ел жолдарындағы жағдай: бірқатар өңірде қозғалыс шектелді

Бүгін 11:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі