AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір...

Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы: БҰҰ туы астындағы сәтті миссия

Әлеумет 14.03.2025, 11:25 912
Голан жоталарындағы Қазақстан бітімгерлігінің бір жылы: БҰҰ туы астындағы сәтті миссия
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Осыдан тура бір жыл бұрын Қазақстанның ұлттық бітімгерлік контингенті Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінген аумақты бақылау күштері құрамында міндеттерді орындауға Сирия Араб Республикасына жіберілді. Бұл миссия Қазақстан Республикасы бітімгерлерінің алғашқы дербес операциясы болды.

Өзара түсіністік туралы меморандумға және миссияның мандатына сәйкес, Қазақстан контингенті өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаруда, деп хабарлайды aqshamnews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бітімгерлік күштердің әлеуетін арттырудың маңыздылығын айта келіп, БҰҰ-мен бітімгерлік саласындағы ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Фауар базасындағы миссияны орындау кезінде бітімгерлік контингент 557 тапсырма орындады, оның ішінде Израиль мен Сирия арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің сақталуын қадағалау, жауапкершілік аймағындағы бітімгерлік базаларынан әскери персоналды эвакуациялау, бақылаудағы аумақты мобильді патрульдеу, жарылмаған оқ-дәрілерді жою мен басқа да жарылғыш заттардан тазарту, БҰҰ-ның персоналы мен жоғары лауазымды тұлғаларын жауапкершілік аймағында және БҰҰ-ның оның шектеулі аумақтарында алып жүру кірді.

Қазақстандық бітімгерлердің Сириядағы шиеленіскен жағдайда өздерінің алғашқы дербес миссиясын орындағаны ерекше маңызды. Жауапкершілік аймағында шиеленіс артқан кезде Қазақстан контингенті көтерілісшілердің оны басып алуына жол бермей, базаны берік ұстауда шешуші рөл атқарды.

Жедел әрекет ету тобы БҰҰ басшылығы мер қызметкерлерін Дамаскіден "Фауар" базасына үш рет эвакуациялап, персоналдың қауіпсіздігін және БҰҰ мүлкінің сақталуын қамтамасыз етті.

Біріккен Ұлттар ұйымының басшылығы қазақстандық бітімгерлердің көрсеткен батылдығы мен табандылығын жоғары бағалады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан бітімгерлігі #Голан жоталары #БҰҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);