ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Германияның Rhein-Neckar-Zeitung басылымы Алматы...

Германияның Rhein-Neckar-Zeitung басылымы Алматы туралы көлемді мақала жариялады

Әлем 18.10.2025, 11:43 418
Германияның  Rhein-Neckar-Zeitung басылымы Алматы туралы көлемді мақала жариялады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Неміс басылымы Алматыны «мәдениеттердің қайнаған қазаны» және еуропалық саяхатшыларды баурап алатын жаңа орталық ретінде сипаттады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Неміс басылымы Алматыны «мәдениеттердің қайнаған қазаны» және еуропалық саяхатшыларды баурап алатын жаңа орталық ретінде сипаттады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мақала авторы Каспер Эстеррайх Алматының қарқынды дамып келе жатқанын және Қазақстанның өңірдегі ең қызықты туристік бағыттардың біріне айналғанын атап өтеді. «Қазақстан түрленіп келеді», — деп жазады журналист, елдің инфрақұрылым мен туризм саласына белсенді инвестиция салып жатқанын, ал Алматының Орталық Азияның мәдени және гастрономиялық жүрегіне айналып келе жатқанын айтады.

Автордың айтуынша, қала кеңестік дәуірді, заманауи жайлылықты және табиғаттың ғажайып сұлулығын үйлестіре білген. «Мұнда әрбір көрініс – ашық хаттай әсерлі. Мегаполистің қарбалас көшелерінен небәрі бірнеше шақырым ұзаған сәтте тау мен дала және Гранд-Каньонды еске салатын шатқалдар бар.

RNZ Алматыны «алма қаласы» деп атап, оны жайлы, өмірге толы және қуатқа толы шаһар ретінде көрсетеді. Материалда қаладағы басты көрнекті орындар — Вознесенск соборы, Арбат, Көк базар және қалаға тыныс беретін саябақтар ерекше бейнеленеді.

Неміс басылымының бұл мақаласы Еуропаның Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын тағы бір мәрте паш етті. Мақала авторының сапары Almaty Tourism Bureau қолдауымен және Air Astana әуе компаниясының серіктестігімен жүзеге асқан. Компания Франкфурт пен Алматы арасында тікелей әуе қатынасын орындайды.

Журналистің айтуынша, бүгінгі Алматы бұл мегаполистің заманауи тынысы, табиғат және нағыз қазақы қонақжайлық тоғысқан әлемдік деңгейдегі қала.

Rhein-Neckar-Zeitung (RNZ) — 80 жылдан астам тарихы бар Германияның ең көне басылымдарының бірі. Гейдельберг қаласында орналасқан газет елдің түкпір-түкпірінде кең оқырманға тарайды. Басылым саяхат, мәдениет пен іскерлік қауым арасында сенімді ақпарат көзі ретінде танымал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.