AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Германияда қазақстандық композитордың операсының п...

Германияда қазақстандық композитордың операсының премьерасы өтеді

Тәуелсіздік-30 26.11.2021, 07:37 1,657
Германияда қазақстандық композитордың операсының премьерасы өтеді
Сурет: Qazaqtv.com

Германияның Гамбург қаласында қазақстандық композитор Әйгерім Сеилова өзінің ағылшын тіліндегі опера мультимедиясын ұсынады


360 градустық дыбысқа негізделген жаңа мәнердегі классикалық музыка шығармасының премьерасы 2 желтоқсан күні өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Өнерсүйер қауым жанды әуен мен электронды дыбыстардың үндестігіне қанығып, виртуалды музыкалық саяхатқа сапар шегеді. Ауқымды әрі әсерлі бағдарламаны құруға 25 халықаралық деңгейдегі музыка майталманы жұмылдырылған. Оны жүзеге асыруға екі жылдай уақыт кеткен.



«Бұл 90 минуттық шығарма бейнеинсталяция негізінде құрылып, солистік аспаптар, опера орындаушылары, шағын камералық оркестрге арналып жазылған. Яғни сценографияны толығымен видео әртіс алмастырады. Сондай-ақ электронды акустика әсері қолданылады. Жанды дыбыспен қатар, түрлі сенсор арқылы электронды дыбыстар қосылады», - композитор Әйгерім Сеилова.



Отандық сазгер туындының тұсаукесерін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырып отыр. Музыкант өз музыкасы мен өнер тілі арқылы Қазақстан атын танытып жүргенін мақтан етеді. Әйгерім Сеилова – жеке аспаптар мен камералық оркестрлерге арналған 200-ге тарта шығарманың авторы. Оның туындыларын әлемнің үлкен сахналарында үздік музыканттар жарыса орындап жүр. Әйгерім – жыл сайын тек бір ғана әлемнің үздік композиторына бұйыратын Хиндемит сыйлығының иегері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#композитор #классикалық музыка #опера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);