AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Германияда жүк және жолаушылар пойыздарының жүргіз...

Германияда жүк және жолаушылар пойыздарының жүргізушілері наразылыққа шықты

Әлем 11.01.2024, 04:06 1,135 Almaty-akshamy.kz. 
Германияда жүк және жолаушылар пойыздарының жүргізушілері наразылыққа шықты
Сурет: pixabay.com

Германияда жүк және жолаушылар пойыздарының жүргізушілері үш күндік наразылық акциясын бастап, бұл бүкіл ел бойынша теміржол қатынасында үзілістерге әкелді. Сонымен бірге неміс фермерлері субсидиялардың жоспарлы қысқартылуына наразылық білдіріп, жолдарды жауып жатыр6 деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ВВС-ге сілтеме жасап. 



Deutsche Bahn (DB) ұлттық теміржол операторының мәліметінше, ұзақ сапарға шығатын пойыздардың шамамен 80%-ы тоқтатылды. Шектеулер аймақтық тасымалдауға да әсер етеді.


Машинистер кәсіподағы жалақыны көтеруді, сондай-ақ пойыз машинистерінің жұмыс уақытын аптасына 38 сағаттан 35 сағатқа дейін қысқартуды талап етіп отыр.


Deutsche Bahn бұл талаптарды қанағаттандыра алмайтынын айтты.


Машинистердің наразылығынан миллиондаған жолаушылар жоспарларынан бас тартуға немесе діттеген жеріне жетудің басқа жолдарын іздеуге мәжбүр болды.


Ереуіл 10 қаңтарда басталып, жұма, 12 қаңтарда аяқталуы тиіс. Осы уақытқа дейін Германияда пойыздар уақытша апаттық кестемен жүреді.


Фермерлердің ереуілі


Неміс фермерлерінің наразылық шеруі өткен жылдың желтоқсанынан жалғасып жатыр. Дүйсенбіден бастап фермерлер кейбір тасжолдар кіреберістерін тракторларымен жауып, қалалар мен елді мекендерде митинг өткізуде. Наразылық шаралары көлік қозғалысын қиындатқан.


Фермерлер өткен жылдың соңында бюджет тапшылығын қысқартуға бағытталған бірнеше қатаң шаралар енгізген Германия үкіметімен апта бойы келіссөздер жүргізді.


Сонымен қатар билік дизельдік отынға дотацияны алып тастауды және ауыл және орман шаруашылығында қолданылатын техниканы көлік салығынан босатпауды көздеді.


Шаруалардың жаппай наразылығынан кейін үкімет бюджетті үнемдеу шараларын жұмсартуға келісті. Атап айтқанда, дотацияны кезең-кезеңімен алып тастау туралы шешім қабылдап, техникаға салық жеңілдіктерін қалдырды.


Дегенмен бұл шаралар фермерлерді тыныштандыруға көмектескен жоқ. Олар үкіметтен субсидияны қысқартудан толығымен бас тартуды талап етіп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#наразылық #Германия #пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);