AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Германияда Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды

Германияда Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды

Әлем 23.10.2021, 07:54 1,358 Almaty-akshamy
Германияда Абай Құнанбайұлына ескерткіш қойылды
Cурет: Baq.kz

Абай шығармашылығы қазақ халқы мен өзге ұлттар мәдениеті арасындағы дәнекер


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Германия Федеративтік Республикасының астанасы Берлин қаласында, еліміздің ұлы ақыны, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіштің ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.


 Ескерткіштің ашылу рәсіміне Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов қатысты.


Ақтоты Райымқұлова Германия халқы мен Үкіметіне еліміздің Абайға ескерткіш орнату жөніндегі ұсынысын қолдап, демеу көрсеткені үшін алғыс білдірді.


«Былтыр біз әлемдік деңгейдегі ойшыл, ұлы ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Мерейтой аясында Сингапурда, Болгарияда, Мажарстанда, Біріккен Араб Әмірліктерінде, Пәкстанда, Эфиопияда, Чехияда Абай орталығы оқырманға есігін айқара ашты. Сонымен қатар Мажарстан, Оңтүстік Корея Республикасы, Франция, Түркия, Өзбекстан, Мысыр, Ресей Федерациясы және басқа елдерде Абай ескерткіші ашылды.


Абай шығармашылығы қазақ халқы мен өзге ұлттар мәдениеті арасындағы дәнекер. Абай қазақ халқының ғана тұлғасы емес. Оның жалпы адами құндылықтарды насихаттайтын шығармашылығы адамзатқа ортақ, әрі әлемдік әдебиеттің ажырамас бөлігіне айналды.


Абай Құнанбайұлы мен Германия халқының ұлы ақыны Гете поэзиясы арасында таңғаларлық үндестікті байқамау мүмкін емес. Абай аудармасының арқасында біз Иоганн Гетенің біршама туындысымен етене таныстық. Соның бірі, әрі бірегейі хакім ана тілімізде сөйлеткен «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңі. Осылайша, Абай екі халықтың әдебиеті мен мәдениетін байланыстырушы берік көпірге айналды. Абай мен Гете секілді адамзаттың асыл ұлдарын ардақтау, олардың мұрасын, есімін асқақтату – Сіз бен біздің парызымыз. Бүгін мазмұнды меймандостық дәстүрде өтіп жатқан іс-шара жоғарыда айтып өткен рухани байланысты нығайта береріне сенімім мол»,-деді Мәдениет және спорт министрі.


Айта кетейік, Абай Құнанбайұлы мүсінінің авторы «Әлем халықтарының өнері» Халықаралық Ассоциациясының лауреаты Болат Мекебаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #ескерткіш #Германия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);