AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Геннадий Головкин Қатар ҰОК басшысымен кездесу өтк...

Геннадий Головкин Қатар ҰОК басшысымен кездесу өткізді

Спорт 04.04.2025, 17:48 952
Геннадий Головкин Қатар ҰОК басшысымен кездесу өткізді
Сурет: Olympic.kz

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин, Қатар ҰОК басшысы, Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығының вице-президенті шейх Джоан бин Хамад бин Халифа Әл-Танимен ресми кездесу өткізді.

Сондай-ақ ресми іс-шараға Азия Олимпиадалық кеңесінің бас директоры және World Aquatics ұйымының президенті Хусейн әл-Мусаллам, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Қазақстан су спорты түрлері федерациясының президенті Нұрлан Жақыпов қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҰОК-ке сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Азия Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық, олимпиадалық қозғалысты дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері, оның ішінде биыл Астанада өтетін Құрлықтық спортшылар форумын ұйымдастыру жайы талқыланды.

Аталмыш форумға Азияның 45 елінен спорттық комиссиялардың өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) мен Азия Олимпиадалық кеңесінің жетекшілері қатысады деп жоспарланып отыр.

Тараптар Қазақстан мен Қатар ҰОК арасындағы әріптестікті кеңейтуге және World Aquatics ұйымының Қазақстан су спорты түрлері федерациясымен ынтымақтастығын нығайтуға баса назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық спорттық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылығын білдіріп, жоспарланған бастамаларды жүзеге асыру бойынша алдағы нақты қадамдарды келісіп алды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Геннадий Головкин #Қатар #ҰОК басшысы #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);