AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Гелендвагендер шеруі". Түркістан облысында той ко...

"Гелендвагендер шеруі". Түркістан облысында той кортежіне қатысқандар түгел жазаланды

Барлығы 13.10.2025, 17:22 574
"Гелендвагендер шеруі". Түркістан облысында той кортежіне қатысқандар түгел жазаланды
сурет: видео кадры

Түркістан облысында Алматы – Шымкент тасжолының 667-шақырымында той кортежі жүргізушілері жол ережесін өрескел бұзғаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz дерегіне сілтеме жасап.

Полиция интернет-ресурстарды мониторингтеу кезінде бірнеше той көлігінің жүргізушілері жолда "жылан жолын" жасап жүріп, өзге көлік қозғалысына кедергі келтіргенін анықтаған. Барлық құқықбұзушылар бірдей анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ал олардың көліктері арнайы тұраққа қойылды. Іс-шара ұйымдастырушысына профилактикалық түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Бұған дейін де мерекелік кортеждердің қатысуымен түрлі құқықбұзушылықтар тіркелгені хабарланған. Мәселен, Екібастұзда 6 автокөліктен құралған той кортежіне қатысты түрлі баптар бойынша 15 әкімшілік хаттама толтырылған.

Ал Шымкентте түнде тасжолда қарсы бағытқа шығу, артқа жүріп қозғалу, терезеден еңкею секілді қауіпті әрекеттер жасағандар да жазаланған. Сондай-ақ оқу жылының соңында БАКАД трассасында бітіруші түлектердің кортежі жол қозғалысын бұзып, апаттық жағдай тудырғаны үшін полиция назарына іліккен еді.

Полиция қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтауды, кортеж кезінде де жол жүру ережелерін қатаң орындауды ескертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кортеж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);