AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Газ бағасы күрт көтерілуі мүмкін

Газ бағасы күрт көтерілуі мүмкін

Әлеумет 24.02.2023, 07:14 1,113
Газ бағасы күрт көтерілуі мүмкін
Сурет: Inform.kz

QazaqGaz алдағы уақытқа болжам жасады.


Ұлттық компания кейбір тұтынушылар үшін тарифті көтеру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Онсыз болашақта газ бағасы күрт көтеріледі.


Компания төрағасының маркетинг жөніндегі орынбасары Арман Қасеновтің айтуынша, соңғы жеті жылдың ішінде ішкі нарықта газ тұтыну көлемі екі есеге өсті. Болжамға сәйкес, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 40 млрд текшеге жетеді. Ал QazaqGaz одан табыс көріп отырған жоқ, керісінше, шығынға жұмыс істеп жатыр. Қазіргі кезде ішкі нарықтың шығыны экспортпен өтеледі.



"Мысалы, қазір былай болып тұр. Газдың бір тоннасын орташа есеппен 13 750 теңгеге сатып алады. Тасымалдау шығыны – 11 459 теңге. Сонда газдың көтерме бағасы 25 209 болуы керек. Бірақ қазір бір тоннасы 15 419 теңгеден сатылады. Осылайша әрбір текшеден 10 теңге шығын келеді", - деді Қасенов қоғамдық кеңестің бүгінгі отырысында.



Оның сөзіне қарағанда, компанияға табыс түссе, қосымша газ көлемін өндіруге мүмкіндік болады.



"Олай істемесек, жақын арада ішкі нарықта газдың бағасы бір уақытта күрт көтеріледі. Басқа жол жоқ", - деп атап өтті Қасенов.



Осыған байланысты QazaqGaz ірі коммерциялық тұтынушылар мен цифрлық майнингпен айналысатындар үшін бөлек тариф енгізуді ұсынып отыр. Себебі олар арзан газдың есебінен біраз ақшасын үнемдейді.



"Егер осыны іске асырмасақ, онда тұтынушылардың барлық санатына салмақ түседі. Олардың ішінде қарапайым халық, жылу электр станциялары бар", - дейді Қасенов.



Бұған дейін "QazaqGaz" ұлттық компаниясы газды тұтынудың "әлеуметтік минимумын" енгізу бастамасын көтерді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#газ #баға #компания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);