Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Гауһар тойға жеткен жұп

Гауһар тойға жеткен жұп

Әлеумет 08.04.2023, 12:30 1,183
Гауһар тойға жеткен жұп
Суреттерді түсірген - Самат

Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде ерекше неке қию рәсімі өтті. Алматыда туып-өскен ерлі-зайыпты Валерий және Зоя Ахмуртовтар шаңырақ құрғандарына 55 жыл толған мерейлі гауһар тойларын тойлады.


Жарты ғасырдан астам қол ұстасып, отбасылық өмірді бірге сүріп келе жатқан бақытты жан­ұяға Түрксіб ауданындағы Аза­маттық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлері және әкімдік өкілдері ерекше құрмет көрсетіп, жұбайлардың неке қию рәсімін ұйымдастырды. Жұбай­ларға Қазақстан Республикасы­ның жаңа үлгідегі неке куәлігі табыс етілді. Түрксіб ауданы әкімдігінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалия Асқарқызы ме­рейтой иелерін құттықтап, гүл шоқтары мен естелік сыйлықта­рын берді.


Салтанатты шараға Валерий мен Зоя Ахмуртовтардың ұлы Евгений, қызы Наталья және не­мерелері, отбасылық достары мен ет-жақындары қатысты. Олар әдемі жұптың неке жүзік­терімен алмасқан сәтіне куә бол­ды. Әулеттегі тағы бір қуанышты жаңалық - 2 ай бұрын атай мен әжейдің шөбересі Максим дүние­ге келді.




«Осыдан 55 жыл бұрын ақ көйлек киіп, қалыңдық атанған кезім есіме түсіп, көзіме жас келіп тұр. Өрімдей жап-жас едік. Біз бір қалада, бір аулада өстік. Валерий мен менің ағам жақсы дос болды. 20 жасымда туған күн кешінде бір-бірімізге сезіміміз оянып, сөзіміз жарасты, міне, со­дан бері біргеміз», – дейді Зоя әжей.



Валерий Ахмуртов әскери борышын өткеп келгеннен кейін, 1968 жылы 24 жасында сүйкімді аруға ғашық болып, мәңгілік бір­ге болуға ұсыныс жасайды. Өзі сымбатты, спортты жанына серік еткен, атқа мінгенді жақсы кө­ретін, еңбекқор, гитарада шебер ойнайтын өнерлі жігітке тұрмыс­қа шығуға Зоя ару да қарсы бол­мапты.



«55 жылдық отбасылық өмір­де жарқын, бақытты сәттеріміз көп болды. Бірақ екі адамның бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі оңай емес. Сондықтан бүгінде отбасы құрып жатқан жас жұбайларға төзім, сабырлылық тілеймін. Махаббатты аялау үшін алдымен бір-біріне деген сыйлас­тық керек. Бір отбасында «менікі», «сенікі» деген болмай­ды, бәрі ортақ. Бір-бірін кешіре білетін, бір - бірінің тіпті кемшілігін де жақсы көретін жұ­байлар бақытты болады», – дейді Валерий Ахмуртов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #гауһартой #Түркісіб
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.