конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ғасыр тойына тарту

Ғасыр тойына тарту

Мәдениет 28.05.2025, 15:08 750
Ғасыр тойына тарту
Досжан Балабекұлы

Алматыда аталып өткен "Ақжелкен" балалар басылымының 100 жылдығы қарсаңында сүйінші жаңалық жария болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл жаңалық - 1 ғасыр бойы архивте жатқан, араб қарпімен жазылған Жүсіпбек Аймауытұлының бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған «Балаларға әңгіме» деп аталатын әңгімелер топтамасының табылуы.

Журналдың 1925 жылы Орынборда «Пионер» деген атпен жарық көрген ең алғашқы санына «Жік» деген бүркеншік атпен жарияланған жазушының бұл шығармаларын редакция тілшісі Айнұр Мұратова Алматыдағы Ұлттық кітапханадан тапқан.

"Журналымыздың 1925-1939 жылдар аралығындағы нөмірлеріне шолу жасау барысында 1 ғасыр бойы архивте жатқан араб қарпімен яғни төте жазумен жазылған Жүсіпбек Аймауытұлының бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған «Балаларға әңгіме» деп аталатын әңгімелер топтамасын таптық. 
Жазушының бұл шығармалары қазіргі «Ақ желкен» журналының 1925 жылы Орынборда «Пионер» деген атпен жарық көрген ең алғашқы санына «Жік»деген бүркеншік атпен жарияланыпты.
Жүз жыл бойы расымен де мұндай қазына ғылыми тұрғыда зерттелмей жатуы, Жүсіпбек Аймауытұлы шығармалары жинақталған кітаптарға енбеуі мүмкін емес деп, кітапханалардағы Жүсіпбек Аймауытұлы шығармалары жинақтарының бірін қалдырмай қарап шықтым. Бірақ дәл «Пионер» журналының 1 санына шыққан әңгімелер топтамасын еш жерден кездестірмедім. Бұл шығарманы Жүсіпбек шығармашылығын терең зерттеп жүрген жазушы, жүсіпбектанушы Нұржан Қуантайұлына ұсынып, ғылыми сараптамадан өткізуін өтіндім. Ғалым жан-жақты зерделеп, шығарманың шынымен де Жүсіпбек Аймауытұлының қаламынан туғанын растап берді.
Осылайша, ғасырлық тарихтың тасасында қалып келген деректер жаңғырып, «Aq jelken» журналының шынайы шежіресі ғылыми негізде қайта түзіліп жатыр. Зерттеу барысында Қызылорда қаласының архивіне және Ресей мен Өзбекстандағы архивтерге сұрау салып, қосымша дереккөздер іздестірдім. Алайда 1925 жылы жарық көрген «Пионер» журналы ол жақтардан табылмады. Еліміздегі архивтерді қарап, соңында журналдың ең алғашқы нөмірін Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының Сирек кітаптар және қолжазбалар бөлімінен таптық. Бір ғана нөмірі сақталыпты", деді "Ақжелкеннің" тілшісі Айнұр Мұратова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақжелкен #Жүсіпбек Аймауытұлы #Пионер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);