ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады

Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады

Әлем 14.01.2025, 16:01 1,565
Ғасыр соңына қарай тілдердің 20%-ға жуығы жойылады
Сурет: Islam.kz
Жаһандану дәурінде әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің тереңдеуіне және жүргізіліп жатқан мемлекеттердегі ішкі саясатқа, сондай-ақ, басқа да факторларға байланысты әлемде бірнеше тілге жойылу...

Жаһандану дәурінде әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің тереңдеуіне және жүргізіліп жатқан мемлекеттердегі ішкі саясатқа, сондай-ақ, басқа да факторларға байланысты әлемде бірнеше тілге жойылу қатері төнді.

Сарапшылардың дерегінше, әр екі апта сайын әлемде бір тіл жоғалады. Бұл жайында islam.kz порталы yenisafak.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бүгінде 7000-нан аса тіл бар десек, соның 40-тан асатынына жоғалу қаупі төнген. Ал түрік дерек кздерінің мәліметіне қарағанда, әлемдегі алты мың тілдің 43%-ы жоғалу алдында тұр. Тілдердің таралу аумағы мен қолданылу аясын талдаған Аустралия ұлттық университеті (АНУ) ғалымдарының болжамы бойынша XXI ғасырдың соңына қарай жойылып бара жатқан тілдердің саны 5 есе артады. Яғни, алдағы 80 жылда әлем тілдерінің 20%-дан астамы жоғалып кетуі мүмкін дегенді білдіреді. Мұндай құбылыс әлемнің барлық түкпірінде кездеседі. Ал Ресей ғылым академиясының (РАН) тіл білімі институтының дерегі бойынша тілдердің 90,8%-ы, яғни, 152 тілдің 138-і жойылып кету алдында тұр.

Адамзаттың бүкіл тарихында әлемнен 700-ге жуық тіл жоғалып, соңғы 60 жылда олардың 30%-дан астамы жойылған. Жоғарыда атап өткеніміздей, тілдер түрлі себептерге байланысты жоғалады: кейбіреулері табиғи апаттар орын алғанда лезде жоғалып кетеді, яғни, саны аз ұлттар жойқын апаттан аман қалмаса, олардың тілі өздерімен бірге өшеді. Ал тілдердің көпшілігі баяу және біртіндеп жоғалады. Бұл, әдетте, бір тіл басқаларына қарағанда басым деп қабылданатын әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Белгілі бір тілдің танымалдылығының арту процесі көбінесе азшылықтың ана тілін жоғалтуына әкеледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.