конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғани Бейсембаев Алматы қаласының Қоғамдық кеңесіме...

Ғани Бейсембаев Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен кездесу өткізді

Білім және ғылым 20.08.2025, 16:14 642
Ғани Бейсембаев Алматы қаласының Қоғамдық кеңесімен кездесу өткізді
Сурет: Gov.kz

ҚР Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты.

Кеңес құрамына қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес және денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының өкілдері, қоғам, мәдениет қайраткерлері кіреді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Отырыста білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Әсіресе мектепке дейінгі ұйымдар мен жеке балалар орталықтарында қауіпсіздік пен қызмет сапасын арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту, балалардың тамақтануын ұйымдастыру, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім берудің келешегі туралы сөз қозғалды.

Министр өз сөзінде қоғамдық кеңестермен диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

«Біз өңірлерде мәслихат депутаттарымен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен тұрақты түрде кездесіп келеміз. Жергілікті мәселелерді ашық талқылау – білім сапасын жүйелі түрде арттыруға жасалған нақты қадам. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда сіздердің көмектеріңізге сүйенеміз. Бірлескен жұмыс проблемаларды анықтап қана қоймай, оларды шешуге де мүмкіндік береді. Біздің ортақ міндетіміз – әрбір баланың әлеуетін толық ашуға қолайлы әрі тең жағдай жасау. Бұл дәйекті түрде жүзеге асырылып келе жатқан ұлттық басымдық», — деп атап өтті Ғани Бейсембаев.

Отырысқа қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толғандырған мәселелерді ашық талқылады. Ашық диалог форматы қоғамдық пікірді естіп қана қоймай, нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді. Айта кету керек, мұндай тәжірибе жүйелі түрде жалғасып, қоғамдық кеңестермен кездесулер еліміздің барлық өңірінде өткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қоғамдық кеңес #кезекті отырыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);