ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғалымдарға жеңілдетілген ипотека беріледі

Ғалымдарға жеңілдетілген ипотека беріледі

Білім және ғылым 02.11.2023, 12:45 1,340
Ғалымдарға жеңілдетілген ипотека беріледі
Сурет: интернеттен
Қазақстандық ғалымдарға тұрақты үстемеақы және еңбек демалысы беріледі.

Қазақстандық ғалымдарға тұрақты үстемеақы және еңбек демалысы беріледі.


Ғалымдар жалақыларын негізінен мерзімді түрде жарияланатын гранттар есебінен алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


"Кейбір заңнамалық актілерге ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша Үкіметтің қорытындысын Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов таныстырды.


Депутат атап өткендей, заң жобасы негізгі төрт бағытты көздейді. Біріншіден, ғылымды қаржыландыру жүйесін өзгерту ұсынылады.



"Ғалымдарымызға тұрақты еңбекақы қамтамасыз етуді қоса алғанда, жаңа тетіктерді қосу ұсынылады. Қазіргі кезде ғалымдар жалақыларын негізінен мерзімді түрде жарияланатын гранттар есебінен алады. Егер сіз грант алмасаңыз, жалақысыз қаласыз", - деп түсіндірді  Асхат Аймағамбетов.



Осылайша, ғалымдар грант алмаса, табыссыз қалады.


Дегенмен, заң жобасы қабылданғаннан кейін барлық қызметкерлер сияқты ғалымдар да ай сайын тұрақты жалақы алады.


Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, бұған бюджеттен қаржы бөлінеді.



"Біз қосымша төлемдерді ұсынамыз. Мысалы, ғылыми дәрежесі бойынша доцент және профессорларға төлемдер. Қазір Үкіметтің қорытындысы әзірленіп жатыр. Мұның бәрі алдағы уақытта нақтыланады, себебі оларға қосымша төлемдер енгізілуі керек. Соңғы 30 жылда ғылыми қызметкерлердің саны айтарлықтай қысқарды. Бұл кәсіпті ғылыми кадрларымыз үшін қаржыландыру және әлеуметтік пакет тұрғысынан тартымды етуіміз керек", – деді Асхат Аймағамбетов.



Заң жобасы аясында, қазақстандық ғалымдарға еңбек демалысы беріледі. Яғни, еңбек кодексі бойынша олар белгілі бір уақытқа үзіліс жасап, ғылыми зерттеулермен айналыса алады.


Сонымен қатар заң жобасында ғалымдарды мегагрантпен қамтамасыз ету нормасы да бар. Бұл гранттар арқылы университеттер заманауи зертханалармен жабдықталады.


Мәжілісмен Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, елімізде зертханалар жеткіліксіз.



"Зертханаларды бюджеттен қаржыландырудың қазіргі күрделі. Бұл көп уақытты алады. Өкініштісі, біздің ұйымдар бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмайды. Сондықтан біз шет елдегідей ерекше еңбек сіңірген ғалымдарға еңбек демалысын беруді ұсынамыз. Еңбек кодексіне олар шартты түрде белгілі бір мерзім алып, ғылыми зерттеулермен айналыса алатын норма енгізу ұсынылып отыр", - деп түсіндірді Аймағамбетов.



Сондай-ақ жеңілдетілген несие алу стандарттарын енгізу және профессорлардың ғылыми атақтарына қосымша үстемеақы беру ұсынылды.


Депутаттың сөзінше, соңғы төрт жылда қаржыландыру екі есе, үш есе ұлғайып жатқан кезде оны дұрыс пайдалану маңызды.



"Сондықтан барлық гранттар толық конкурстан өтуі керек деп айтамыз. Процедуралар шығын балансы шеңберінде болуы керек", – деді экс-министр.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.