AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғалымдардың орташа жалақысы 257 мың теңге болды

Ғалымдардың орташа жалақысы 257 мың теңге болды

Білім және ғылым 12.04.2022, 07:58 1,868
Ғалымдардың орташа жалақысы 257 мың теңге болды
Сурет: Inbusiness.kz

Биылдан бастап 5 мыңнан астам ғалым лайықты әрі тұрақты жалақы алады.


ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, ғалымдардың жалақысы бұрын 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Президент былтыр тиісті тапсырма беріп, тез арада заңға өзгеріс енгізу керек дегеннен кейін 2,5 айда тиісті заң жобасын дайындап, Мемлекет басшысы 15 қарашада тиісті құжатқа қол қойды. Нәтижесінде 1 200 ғалым биылдан бастап ай сайын, конкурстан тыс, тұрақты айлық алатын болады. Ол 74 ғылыми ұйым 10 мемлекеттік органға тиесілі. Сонымен қатар іргелі зерттеулермен айналысатын институттардың 100 пайыз штаттық құрылымы жалақысын да алады, ғылыми жұмысқа қажетті қаржыландыруды да алады, сатып алатын қондырғыларға да қаражат бөлінген. Бұл кемінде 4 мың ғалымға қатысты. Сонда қазір 5 мыңнан астам ғалым ай сайын тұрақты, мөлшері де өмір сүруге жеткілікті жалақы алады», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева.



Білім және ғылым министрігінің баспасөз қызметі ұсынған дерек бойынша, Қазақстанда ғалымдардың орташа жалақысы өскен.



«Бұрын 152 мың теңге болса, енді ол 257 мың теңгеге өсіп, 1,5 миллион теңгеге дейін өзгеріп отырады. Бұрын ғалымдардың жалақысы тұрақсыз болып, конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді қабылданған заңнамалық түзетулердің арқасында жетекші ғалымдардың (1 200 адам) жалақысы базалық қаржыландыруға қосылды. Бұл ретте ғалымдарға төленетін қосымша авторлық сыйақының жалпы сомасы 338 млн теңгеге тең. Ал инновациялық жобаларды сатудан түскен табыс 16,3 млрд теңгені құрады», - делінген министрлік  таратқан мәліметте.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғалым #жалақы #конкурс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);