AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты құры...

Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты құрылады

Білім және ғылым 12.06.2026, 10:20 458
Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты құрылады

Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты құрылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ФБ парақшасына жазды.

Айтуынша, алғаш рет заң жүзінде ғалымдардың құқығы мен академиялық бостандығы туралы нақты кепілдіктер беретін нормалар пайда болды. Арнайы жаңа институт – Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі.

«Енді әрбір ғалымның зерттеу бағытын өз қалауымен еркін таңдауға, сыртқы қысымсыз өзінің ғылыми пікірін ашық білдіруге және халықаралық ғылыми қауымдастықтарға емін-еркін мүше болуға толық құқығы заңда жазылды.

Ғалымдар құқығы жөніндегі омбудсмен институты құрылады. Оны Ұлттық ғылым академиясының жанынан ашылсын деп ұсындық. Бұл уәкілетті тұлға енді ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтарын тікелей қорғайтын болады», – деп жазды Аймағамбетов

Омбудсмен немен айналысады?

Айтуынша, омбудсмен ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына қатысты өтініштер мен шағымдарды қарайды.

Ғалымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша консультациялық көмек береді.

Мемлекеттік органдармен, білім және ғылым ұйымдарымен ғалымдардың мүддесін қорғау үшін тікелей өзара іс-қимыл жасайды.

Ғалымдардың құқықтарын қорғауды жақсарту мақсатында ғылым және технологиялық саясат жөніндегі заңнаманы жетілдіруге байланысты Ұлттық академияға және уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#омбудсмен
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);