AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ғалымдар Кореяда банан өсе бастағанына алаңдаулы

Ғалымдар Кореяда банан өсе бастағанына алаңдаулы

Әлем 15.08.2024, 19:14 1,702 dulatbekova
Ғалымдар Кореяда банан өсе бастағанына алаңдаулы
Сурет: 24.kz

Сеулде банан өсе бастады.

Бірақ оған қуанып жатқан фермерлер жоқ. Өйткені бұл климат өзгеруінің салдары болуы мүмкін дейді. Яғни Оңтүстік Кореяның климаты субтропикалық өңірлерге ұқсай бастаған. Ал бұған ғалымдар алаңдаулы, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Банандар әдетте тропикалық және субтропикалық өңірлерде өседі. Ал Оңтүстік Корея қоңыржай белдеуге жатады. Сондықтан банан ағаштарының жеміс бере бастауы фермерлерді алаңдатып отыр. 

Ма Мён Сон, фермер: 

Біз 10 жылдай банан өсірейін деп жүрміз. Бірақ тек биыл ғана ағаштардың жеміс бере бастағанын көріп отырмыз. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Алайда ол климаттың өзгеруінің салдары екенін ойласақ, көңіліміз түсіп кетеді. 

2012 жылдан бері Оңтүстік Кореяда орташа жылдық температура көтеріліп келеді. Былтыр көрсеткіш 13,7 градусқа тең болған. Бұл - метеобақылау тарихындағы ең жоғары температура. Одан бөлек өткен жылы муссондық жаңбыр маусымы кезінде жауын-шашын мөлшері орташа жылдық көрсеткіштен екі есе асып кеткен. Осыған қарап мамандар Оңтүстік Кореяның климаты субтропиктік өңірдікіне ұқсап бара жатқанын айтады.  

Ким Кван Су, Сеул ұлттық университетінің профессоры:

Сеулде банан өсіріле бастағаны Оңтүстік Корея климатының өзгеріп жатқанын білдіреді. Осыны ескере отырып, біз енді түрлі дақылдардың жаңа сұрыптарын өсіруге бейімделуіміз керек.

Оңтүстік Кореяда тропикалық жемістер қымбат тұрады. Сондықтан тұрғындар банандардың пісе бастағанына қуанып жатыр. 

Ким Чжи Юн, Сеул тұрғыны:

Сеулде ағашта өсіп тұрған банандарды көру бір түрлі екен. Енді олар арзандаса жақсы болар еді.

Қазір Сеулде күн шыжып тұр. Түнде де ауа температурасы 25 градустан төмен түспейді. Бұл метеобақылау тарихында ұзаққа созылған үшінші ыстық толқыны болып отыр. Ал мамандар мұндай ауа райы кемі бір аптаға жалғасатынын ескертеді.     


Телеграм арнаға жазылыңыз
#корея #Банан #Ғалымдар #алаңдаушылық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);