AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Галина Норкина: Техниканы жақсы көріп тұру қажет

Галина Норкина: Техниканы жақсы көріп тұру қажет

Әлеумет 20.03.2025, 15:23 766 Nursok82
Галина Норкина: Техниканы жақсы көріп тұру қажет
видеодан алынды

Өз өмірін сүйікті ісіне арнаған, кәсібилігімен, еңбекқорлығымен қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жандар бар. Солардың бірі - Галина Норкина, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Галина Норкина – өз ісін беріле істейтін, мамандығын айрықша жақсы көретін жандардың жарқын үлгісі. Бала кезінен еңбектің қадірін түсінген ол күн сайын төзім мен шеберлікті талап ететін кәсіппен айналысқан жұмысшы отбасының құндылықтарын бойына сіңіріп өседі.

«Мен жұмысшылар отбасының үшінші буынымын. Ата-анам мені әрқашан өз жұмысымды жақсы көруді және бір орында тұрақты еңбек ете білуді үйретті», - дейді Галина Норкина.

Галина еңбек жолын 1975 жылы 4 наурызда, яғни 18 жасында металл конструкциялары зауытына келген кезде бастапты. Ол алғашқы жұмысына кран машинисі курсын тәмамдаған зертханада кірісіпті. Содан соң сату бөліміне орналасып, көп ұзамай өзі күні бүгінге дейін жұмыс істеп келе жатқан арматура цехына ауысады.

«Техниканы жақсы көріп тұру қажет, – деген Галина өзіне осы кәсіптің қыр-сырын үйреткен тәлімгерін есіне алды. – Ол әрқашан «адамға істеген жұмысы қуаныш сыйлауы керек» дейтін еді».

Бұл сөздер Галина үшін зауытта өткен 50 жылғы еңбек жолында жөн сілтеп тұрған Темірқазықтай болды.

Кран машинисінің жұмысы тек техникалық дағдыларды ғана емес, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды да талап етеді.

«Егер қауіпсіздік шараларын сақтамасаңыз, жұмысыңыз нәтижесіз болады», - дейді Галина.

Оның міндетіне жүк беру және шығару, арматура тиеу және түсіру, өнімдерді станоктарға беріп отыру кіреді. Бұл кәсіптегі табыс кілті - ұсақ-түйекті назардан тыс қалдырмай, аса ұқыпты болу.  

Галинаның айтуынша, кран машинисі болу үшін өз жұмысыңды жақсы көріп, биіктен қорықпау және тыңғылықты болу керек.

«Маған өз жұмысым қатты ұнайды, сондықтан қашан кететінімді білмеймін. Өзім еңбек ететін зауытқа да әбден бауыр басып қалдым», - дейді ол өз толқып.

Галина Норкина краншы ғана емес. Ол жарты ғасыр бойғы бар күш-қуаты мен білімін бөлісіп, жас буынды өз өнегесімен қанаттандырып келе жатыр. Оның еңбек жолы – қажетті әрі сұранысқа ие мамандыққа деген адалдық пен сүйіспеншілік жолы.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаған болатын. Ел Президенті техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды да тапсырды.

Айта кетсек, Almaty TV телеарнасында «Made in Almaty», «Алматы көшелері» «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» сияқты бірқатар жаңа бағдарлама мен жаңалықтар айдары жарық көрді. Жуырда «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобаларын шығару жоспарда бар. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#техника #Еңбек адамы #жұмысшы мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);