AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Ғаламның ең сұлу аруы анықталды

Ғаламның ең сұлу аруы анықталды

Мәдениет 21.11.2025, 15:31 504 Сұлу
Ғаламның ең сұлу аруы анықталды
Getty images

Таиландта 21 қарашаға қараған түні "Ғалам аруы - 2025" халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды. Тәж мексикалық сұлу Фатима Бош Фернандеске бұйырды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл кеште Қазақстан халқы 20 жастағы Дана Алмасоваға ерекше қолдау көрсетті.

Жеңімпаз туралы не белгілі?

26 жастағы Фатима Бош Фернандес кештің жұлдызына айналды. Ол сырт келбетімен ғана емес, білімімен, қоғамдық белсенділігімен де көзге түсті: Фатима экологиялық бастамалармен, жастардың мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған әлеуметтік бағдарламалармен айналысады. Финалда ол әйелдердің климаттық күн тәртібіндегі рөлі туралы көзқарасы үшін ең жоғары бағалардың бірін алды.

Айта кетейік, Фатиманың есімі "Ғалам аруы - 2025" жобасына дайындық кезеңнен танылды. Байқау директоры Навад Ицасагрисил дайындықта оны міндетті промо-акцияларға белсенді қатыспады деп ел алдында айыптады. Ол Фатиманы "ақымақ" деп атады. Кейін бірқатар қатысушы Фатимаға қолдау білдіру үшін залдан шығып кеткен еді. 

Қазақстан атынан кім қатысты?

Дана Алмасова - Қостанай облысының тумасы. Ол оқу, мансап және әлеуметтік миссияны қатар алып жүретін жас буынның өкілі. Халықаралық сахнаға дейін Алмасова алты жыл бойы балаларға арналған телебағдарламада жұмыс істеп, спортпен айналысқан, әрі PR мен жарнама саласында білімін жалғастырған. Сұхбаттары мен әлеуметтік желілерінде ол әйелдердің дамуы мен экологиялық жауапкершілік жайын көтергісі келетінін айтып, байқауды "Қазақстанды танытып, қыздарға өз күшіне сенуге шабыт беретін мүмкіндік" деп атап өткен. Көрермендер Даның дайындығын ерекше қызығушылықпен бақылап отырды, әсіресе тай боксы жаттығуынан түсірілген ролик көпшілікті тәнті етті.

Қазақстандық ару журналистер мен көрермендерді әсер қалдырған топ-5 қатысушының қатарына кірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ғалам аруы #байқау #Сұлулық #ару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);