AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Футбол: «Қайрат» «Жетісуды» жеңді

Футбол: «Қайрат» «Жетісуды» жеңді

Спорт 08.08.2021, 19:30 1,846 Almaty-akshamy
Футбол: «Қайрат» «Жетісуды» жеңді
сурет: Inform.kz

Бүгін футболдан Қазақстан кубогының бесінші турында Алматының «Қайраты» Талдықорғанның «Жетісуынан» басым түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.


Қазақстан кубогындағы бұдан бұрынғы ойындарда алматылық клуб жанкүйер сенімінен шыға алған жоқ. Қатарынан үш кездесуде қарсыластарына есе жіберіп алды. Нәтижесінде турнир кестесінде соңғы орындарды місе тұтты. Сондықтан бүгінгі кездесуде негізгі құрамның бірқатар футболшылары алғашқы минуттан жасыл алаң төрінен көрінді. Ойынның 4, 18-минуттарында шабуылшы Артур Шушеначев қос голдың авторы атанса, Раде Дугалич 61-минутта қорытынды есепті белгіледі. Кездесуде «Қайрат» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. 
Бүгінгі тағы бір ойында Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында «Таразды» 2:1 есебімен жеңді. Осылайша «Қайрат» сәтсіздіктер сериясын тоқтатты. Аталған турда 7 тамызда «Қызылжар» СДЮСШОР №8 командасын 3:2, «Ақжайық» «Ақтөбені» 2:1 есебімен жеңсе, «Мақтарал» мен «Атырау» 1:1 есебімен тең түсті. Дәл қазір «Астана» мен «Қайсар», «Тұран» мен «Каспий» командалары кездесуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #футбол #Қайрат #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);