конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Футбол алаңынан саясат алаңына

Футбол алаңынан саясат алаңына

Әлем 14.12.2024, 18:33 943
Футбол алаңынан саясат алаңына
Фото: newsgeorgia.ge
 

Грузияда жаңа президент сайланды

Қызыққа толы грузин саясатының кезекті маусымы аяқталды: 14 желтоқсанда бұрынғы футболист және қазіргі депутат Михаил Кавелашвили Грузияның алтыншы президенті атанды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Жеңісімізге ешкім күмәнданбасын!» – деп мәлімдеді ОСК басшысы Георгий Каландаришвили, жеңісті жариялаған кезде. Кавелашвили үшін 224 таңдаушы дауыс берді, қажетті 200 дауыстың өзі жеткілікті еді. Айтпақшы, президенттікке бір ғана кандидат түсті, сондықтан «қатты тартыс» болғаны анық.

Бұл сайлау барысындағы оппозицияның ұстанымы ерекше: олар бұл жолы «ерекше стратегия» таңдап, сайлауға қатыспауды ұйғарған. 

Кавелашвилиді «Грузин арманы» партиясы ұсынған. Бұрынғы футбол алаңынан саясат алаңына өткен ол, міне, бес жыл бойы елдің саяси командасын басқарады. Ал инаугурациясы 29 желтоқсанда өтеді, жаңа жыл қарсаңында грузиндер тағы бір мерекені атап өтпек.

Бұрынғы президент Саломе Зурабишвили сайлауды «пародия» және «арандату» деп сипаттады. Ол жаңа парламенттік сайлау өтпейінше, өз өкілеттігін тапсырмайтынын мәлімдеді. Бірақ грузин саясатының сарказммен сусындаған көрермендері үшін мұның бәрі тағы бір қызықты эпизод қана. Грузин шарабының астында, әрине, «бұрынғы» мен «қазіргі» биліктің тартысы одан әрі қыза түсері сөзсіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Грузия #президент #Михаил Кавелашвили
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);