AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Францияның жоғары білім саласындағы басшылар мен м...

Францияның жоғары білім саласындағы басшылар мен мамандардың бір тобы біздің елімізге келді

Білім және ғылым 02.11.2023, 10:45 1,231
Францияның жоғары білім саласындағы басшылар мен мамандардың бір тобы біздің елімізге келді
Сурет: Gov.kz

Үш күн ішінде француз делегациясы Алматының бірқатар жоғары оқу орындарын аралайды.


Қазақстан мен Францияның жоғары оқу орындарының өкілдері халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту перспективаларын анықтап, Қазақстанда жұмыс істейтін француз компанияларының инженерлер мен техниктерге деген қажеттілігі туралы ақпаратпен бөлісуді, «Болашақ» бағдарламалары мен ғылыми тағылымдамадан өту шарттары туралы көбірек білуді, сондай-ақ Erasmus+ бағдарламасы аясында Франция университеттері мен Қазақстан университеттері арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кеше Сәтбаев Университетінде өткен дөңгелек үстел жиынында Франция мен Қазақстанның ғалымдары мен оқытушылары геология және энергетика саласында кадрлар даярлау бойынша тәжірибе алмасып, алдағы ынтымақтастық қарым-қатынастың жоспарын айқындады.


Франциядағы I2EN инженерлік мектебінің директоры Карен Даифукудің ойынша, екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы болашақ ынтымақтастық байланысы студенттермен алмасуды және өзара ғылыми іс-әрекетті ынталандыруы керек:



«Сәтбаев Университетінде ядролық инженерия саласында қос дипломдық білім беру бағдарламасын іске қосуға біз дайынбыз. Бұл дарынды инженерлерге қажетті дағдыларды меңгеруге және Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға септігін тигізеді», - деді Карен Даифуку.



Францияның Қазақстан Республикасындағы Бас консулы Фабрис Невё мырза өзінің жауап сөзінде қазақстандық және француз университеттері арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас одан әрі дамитынын атап өтті:



«Кеше Астанада Макрон мырза қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті. Бұл француздар мен қазақтардың білім мен ғылымға деген құштарлығында ортақ қасиет көп екенін көрсетеді», – деді Невё мырза өз сөзінде.



Форум аясында Франция жоғары оқу орындары өкілдерінің делегациясы Алматыда NARXOZ университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қызметімен танысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Франция #Жоғары білім #Оқу орындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);