AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Францияда жүлде алған қазақ киносы

Францияда жүлде алған қазақ киносы

Әлем 20.02.2025, 10:35 1,245 yakiya
Францияда жүлде алған қазақ киносы
интернеттен

Бұл туралы Ерлан Төлеутай Фейсбук парақшасына жазды.

Францияның Везуль қаласында өткен 31-ші Халықаралық Азия кинофестивалінде қазақстандық режиссер Елзат Ескендір "Әбіл" фильмі бірден үш негізгі номинация бойынша жеңіске жетіп, фестивальдің басты марапаттарына ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазылар Гран-приі  (Jury Grand Prize)

Киносыншылар жүлдесі (Critical Jury Prize)

NETPAC қазылар жүлдесі (NETPAC Jury Prize)

"Әбіл" фильмінің фестивальде қатарынан үш бас номинацияны жеңіп алуы оның көркемдік құндылығын айқын көрсетті.

“Бір айға жуық мерзімге созылған бұл сапарымыз бізге оңай болған жоқ. Десек те біз Еуропаның төрі – Швеция мен Даниядан және Францияның көрікті жерлерінен, тарихи орындарынан шама-шарқымыз келгенше ақпарат тарата алдық. Сондай-ақ конкурстан тыс қатысып, еуропалық премьерасын жасаған Швецияның Гетёборг және негізгі конкурсына қатысып, үш бірдей бәйгесін жеңіп алған Францияның Везуль халықаралық фестивальдерінен жүйелі репортаждар жасап тұрдық”- деп жазды Ерлан Төлеутай.

Сондай-ақ осы фильмге қолдау көрсеткендер отандастар мен қандастарға да алғыс білдірді.

“Жалпы біз осы жолғы сапарымызда қарапайым азаматтардың моральдық қолдауын жан-тәнімізбен сезіндік. Әсіресе Швеция мен Дания және Франциядағы отандастарымыз бен қандастарымыз бізге шын жүректен тілектестік білдірді. Сол үшін шетелдегі қазағым – Сіздерге шексіз алғысымызды білдіреміз!”- дейді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #Кино #Франция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);