Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Фольгамен оралған роутер интернет сапасын жақсарта...

Фольгамен оралған роутер интернет сапасын жақсартатыны қаншалықты рас?

Әлеумет 02.12.2024, 15:15 629
Фольгамен оралған роутер интернет сапасын жақсартатыны қаншалықты рас?
Сурет: Stopfake.kz

Instagram қолданушылары фольгамен оралған  роутер көрсетілген видеоны  көрген болар . Ролик авторының айтуынша, бұл қарапайым әдіс Интернеттің сапасын жақсартуға көмектеседі-міс.

Фольга шағылыстырғыш қызметін атқарып, сигналды қажет жаққа бағыттайды, сонымен қатар электромагниттік сәулеленуді ішінара блоктайды екен. Бұл рас па, жоқ па екенін Stopfake.kz анықтап көрді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Иілгіш металл парақша туралы конспирологтар көптен бері айтып жүр. Фольгадан жасалған бас киімдер естеріңізде болар. Ол миды электромагниттік сәулеленуден қорғау үшін киюге ұсынлған еді. Шындығында, мұндай қасиеттерге ие бас киімдер жоқ.

Ресейдегі технологиялар туралы ең ірі жобалардың бірі Hi-Tech Mail пікірінше, роутерді фольгаға ораған дұрыс емес.

«Фольга бірдеңені бұғаттаса да, ол зиянды сәулеленумен бірге сигналдың өзін де бұғаттайтын еді», – дейді сарапшылар.

Сонымен қатар, фольгадағы электр жабдықтарында табиғи салқындату болмайды. Қызып кетудің салдарынан ол істен шығады, тіпті данып кетуі де мүмкін.

Wi-Fi технологиясы 1997 жылы жасалған, содан бері оның адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсеріне қатысты бірнеше рет ғылыми зерттеулер жүргізілді. Алайда, олардың ешқайсысы Wi-Fi денсаулыққа қауіп төндіретінін растаған жоқ. Технология қолданылып келе жатқан 27 жылда ол адамдардың ауруына себеп болған емес, сондай-ақ адамдардың әл-ауқатына теріс әсер еткен жағдайлар тіркелген жоқ. 

Мамандардың есептеуінше, телефонмен сөйлескен 20 минуттың ішінде адам Wi-Fi-ды бір жыл қолданғандағы микротолқынды сәулелену әсеріне көбірек түседі. Ал 20 ноутбук пен екі роутер бірге бір ұялы телефонмен бірдей мөлшерде сәуле шығарады.

Осылайша, рутерді фольгаға орау сигналдың сапасын жақсартпайды, керісінше оны бұғаттап, құрылғының қызып кетуіне әкелуі ықтимал. Ал Wi-Fi-дан шығатын электромагниттік сәулеленуге келетін болсақ, бұған қатысты сенімді ғылыми дәлелдер жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фольга #роутермен оралған роутер #интернет сапасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.