Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Фирдоуси өз «Шахнамасының» жарық көруін мың жыл кү...

Фирдоуси өз «Шахнамасының» жарық көруін мың жыл күткен!..

Әлеумет 01.04.2024, 06:54 835
Фирдоуси өз «Шахнамасының» жарық көруін мың жыл күткен!..
Суретті салған - Ғалым Смағұл

Бірқақпайлар


 


***


– Күшті ерік-жігер дегеніміз не?


– Егер әйеліңіз телефон арқылы біреумен екі сағат сөйлескеннен кейін де сіз «Ол кім сонша?» деп сұрамауға шыдасаңыз, ерік-жігердің күштілігі дегеніміз сол...


***


Мадонна мен Билл Гейтс жолығып қалса керек.


– Менің дәулетімнің көптігі сонша, тіпті әлемнің өзін сатып ала аламын, – деп мақтаныпты Мадонна.


Сонда Гейтс:


– Ал мен оны сатады деп кім айтты? – депті.


***


– Мына бір кісі, жарты сағат болды, мәшиненің алдына түсіп ап қашып келеді: жынды ғой деймін өзі, – дейді рульдегі әйелі.


– Ақымақ, тротуардан шығып, үлкен жолға түссеңші! – депті сонда жанында отырған күйеуі.


***


Кішкентай маса шешесінен сұрапты:


– Апа, мен ұшсам бола ма?


– Ажалыңа асықпай, отыр тыныш! 


– Қызықсыз, адамдарға менің ұшқаным қатты ұнайды.


– Оны кім айтты?


– Кеше түнде олардың бәрі маған шапалақ ұрды ғой! 


***


Тасбақа құмды даламен жорғалап келе жатса, алдынан түйе шығыпты.


– Көктайғақ болып жатыр ма, немене? – деп сұрапты тасбақа түйеден.


– Жоға.


– Онда неге жолға көп құм сеуіп тастағансыңдар?


* * *


Кафеде қос ғашық бірін-бірін көзбен ішіп-жеп отыр.


– Сен менің тәтті шоколадымсың, түк қалдырмай жеп қояйын ба осы... – деп еміренеді жігіт.


– Менің де сені жеп қойғым келіп отыр, – дейді қыз.


Олардың әңгімесін бөлгісі келмей біраз тұрған даяшы сәл жөткірініп алып:


– Соңынан не ішесіздер? – депті.


* * *


Бір жас жазушы газет редакциясына өзінің әңгімесін әкеп тастайды. Арада біраз уақыт өткеннен кейін бас редакторға келіп, ол:


– Не деген масқара! Бір емес, екі ай өтті, неге баспайсыз әңгімемді? Кім көрінгеннің шимай-шатпағы шығып жатқан жоқ па?! – деп шаптығады.


– Осы күнгі жастарға таң қаламын: қандай шыдамсызсыңдар? – депті сонда бас редактор. – Асығатын не бар, күтсеңші!


– Қашанғы күтем?


– Оны мен қайдан білейін? Мәселен, Фирдоуси өз «Шахнамасының» жарық көруін мың жыл күткен!..


* * *


– Балам-ай, дүкеннен тез сүт әкеле қойшы!


– Кәмпит бермесеңіз, бармаймын!


– Бармасаң, интернетті өшіріп тастаймын!


– Болды, апа, міне, ұштым! 


* * *


Domestos жарнамасының арқасында микробтардың түрін түгел танып алатын болдық...

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көктем #әзіл #көңілкүй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.