AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Филиппинде өрт салдарынан 8 адам мерт болды

Филиппинде өрт салдарынан 8 адам мерт болды

Әлем 03.05.2022, 03:30 1,344 Almaty-akshamy
Филиппинде өрт салдарынан 8 адам мерт болды
Cурет: Inform.kz

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз


Филиппинде болған өрт салдарынан 8 адам мерт болды, олардың арасында балалар да бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


BBC агенттігінің мәліметінше, Филиппин астанасы Манила маңындағы көптеген үйлерде болған өрт салдарынан 8 адам қаза тапқан, оның 6-уы балалар.


Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05-00-дер кезінде басталған өрттің салдарынан 80 үй жанып кетті. Қайғылы жағдай Кесон-Ситиде орналасқан Филиппин университетінің кең ауқымды кампусының ішіндегі тұрғындар тығыз қоныстанған ауылдағы тұрғын үйдің екінші қабатынан басталды.


Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.


Өрт сөндіруші офицер Грег Бичайда AFP ақпарат агенттігіне өртті сөндіруге екі сағат астам уақыт кеткенін хабарлады.



«Өрттің жылдам тарағаны соншалық зардап шеккендер үйлерінен шығып үлгермеді»,-деді ол.



Сондай-ақ оның сөзінше, мерт болғандардың 6-уы бала, алайда олардың нақты жасына қатысты ақпарат таратылмай отыр.



«Мұндағы үйлер жеңіл материалдардан салынған. Өрт шыққан кезде адамдар не істерін білмей абдырап қалды. Біздің станциямыз жақын болғанымен олар бізге хабарласа алмады»,-деді Бичайда.



Айта кетейік, Филиппин әлемдегі халық ең тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі.


Мыңдаған адам халық шектен тыс тығыз орналасқан аймақтарда тұрады және онда өрт оқиғалары жиі болып тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Филиппин #өрт #апат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);